Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Рухани азығы мол кеш

Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері әдебиет әлемінде өзіндік орны бар ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, «Шабыт» фестивалінің жүлдегері,  Президент стипендиясының иегері Жанат Әскербекқызының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кештің куәсі болды. Желтоқсанның 3-жұлдызында болған аталмыш кеш С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. Кешке белгілі ақын Қалқаман Сарин да қатысты.

Жанат Әскербекқызы ақын ғана емес, ғалым, оқытушы. «Ғарыш билер ғұмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуейі» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2004), «Көркемдік өріс» (2008), "Мифтің поэтикадағы қызметі" (20010) ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы. Кеште ақынның соңғы шыққан «Ай-тамғы» атты  өлең жинағының тұсаукесері өтті.

Студенттер Жанат Әскербекқызы поэзиясы жайлы біраз құнды мағлұматтар алып, жан дүниесінен өрнектеліп шыққан жүрекжарды өлеңдерін, әсем әуезді әндерін тыңдап,  бір серпіліп қалды. Адам баласына өнердің орны әрқашан ерекше. Сол өнерді құрметтеуге жиналған халық Жанат Әскербекқызының ақындық өнерін бағалап, шығармашылығын зор ықыласпен тыңдап, таңдай қақты. Шығыс топырағынан шыққан ақын қыздың Өскеменнің төріне келгеніне қатты қуандық.

Ақынның өлеңдерін көрермендер ұйып тыңдады. Біз үшін мұндай рухани азығы мол кештер әрқашан пайдалы әрі қызықты.  Қазақ поэзиясының қазіргі беталысы, рухани сабақтастық, әдебиеттегі стиль мен бейнелілік турасындағы ойларымызға ой, білімімізге білім қосып қайттық. Осындай кештер өз жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді.

Қызыр Іңкәр,

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті  

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru