Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ және Новосібір мемлекеттік университеті: халықаралық ғылыми-білімдік ынтымақтастық үлгісі

2014жылдың3-5 желтоқсанында  «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. Юлия Гаврилова мен докторант Мөлдір Хасенова «Еуразиялық интеграция: құқықтық және білімдік қырлары» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция және де  оның аясында ұйымдастырылған «2014 жылғы екінші Мектепинтерэкоқұқық» жұмысына қатысты. Іс–шара Новосібір мемлекеттік университетінде өтті, ол Сібір өңірінің іргелі білімдік ғылыми орталығы болып саналады.

Әр елдердің– Ресей, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Беларусь, АҚШ, Нигерия, Грекия  ғалым-заңгерлері, студенттер қауымының, жұртшылықтың назарын еуразиялық білім  интеграциясын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты  тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне аударды.

Новосібір мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор, полковник Валерий Курчеев Еуразиялық кеңістікті  экологиялық қауіпсіздік  факторы ретінде сипаттады. Молдова Еуропалық университеті стратегиялық зерттеу Институтының директоры, Молдава халықаралық құқық Қауымдастығының  президенті, з.ғ.д., профессор Александр Бурианның баяндамасы   ХХI- ғасырдағы  космос және  экология проблемаларына арналды.

Белорусь мемлекеттік университеті заң факультетінің экологиялық және  аграрлық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Лидия Самусенко рекреациялық табиғатты пайдалану құқығы  терминологиялық аппарат ақтаңдақтарын анықтады.

Қазақстандық ғалымдар басты назарды жаһандық экологиялық мәселелерге аударды. Юлия Гаврилова Қазақстан Республикасының  трансшекаралық су қорларын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын сипаттап, «Халықаралық экологиялық құқықтың өзекті мәселелері» атты монографиясының тұсаукесерін жасады.

Құқық проблемалары Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты интерэкоқұқық Орталығының экологиялық заңнама мен құқықты сақтау және қолдану Бөлімінің аға ғылыми қызметкері Мөлдір Хасенова Орталық жобалары жайлы айтып берді және «Интерэкоқұқық Антологиясымен» таныстырды. «Интерэкоқұқық Антологиясымен» бірегей жинағына  3500-ге жуық құқықтық танымдық деректер, соның ішінде  1830 жылдан 2013 жылға дейінгі толық 800-ге жуық мәтіндерге сілтеме бар  библиографиялық сипаттама кіреді. Мөлдір Хасенова, Қоршаған орта халықаралық құқықты дамыту Мәскеулік бастамасының, Құқық проблемалары Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының, Ресей экологиялық одағы Басқармасы шешімімен шығатын осы жинақтың авторлық ұжымы құрамына енді.

IMG 779

Ғылыми Мектеп аясында экологиялық құқық, жер құқығы, халықаралық экологиялық құқық бойынша студент-заңгерлерге арнап интерэкоқұқықтықіскерлік  ойындарын өткізу, ғылыми іс-шаралардың құндылығы мен маңыздылығын арттырды. Юлия Гаврилова мен Мөлдір Хасенова «Алты құрлықтың экологиялық дағдарысы» атты қызғылықты квест ойынын өткізді. Оқытушылар студенттерге әлем бойынша экологиялық құқықтық саяхатқа қатысып, жаһандық экологиялық апатты болдырмай, адамзатты сақтап қалуды ұсынды.

Снымен қатар экологиялық проблемаларды және де білім саласындағы  проблемаларды бірлесіп, бүкіл мемлекет болып шешу керектігі де. «Еуразиялық интеграция: құқықтық және білімдік қырлары»  ұранымен өткізілген Халықаралық ғылыми конференция, бұл тұрғыда өз ұлтынын болашағы, адамдар ұрпағының болашағына мүдделі мемлекеттер, олардың үкіметтері үшін үлгі бола алады! Бастысы, қатысушы әрбір ғалым, оқытушылар мен студенттерді, білім секілді, қоршаған табиғи ортаның да мемлекеттік шекарасының болмайтындығы және біздің нәзік Жер ғаламшарымыз біздің қолымызда екені және оның болашағы бізге байланысты екені ойландырды!

Юлия Гаврилова ,з.ғ.к.,

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru