Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дегі «Полиглот» қалалық олимпиадасы

Қазақстан-Американдық еркін университеті қалалық Білімбөлімімен бірлесіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен 8 сынып оқушылары арасында «Полиглот» қалалық олимпиадасынөткізді.

 Олимпиадаға  120-ға жуық оқушы қатысты. Қатысушыларға  бірінші турда аудиолау және  лексикалық-грамматикалық тест ұсынылды. Бірінші тур нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған 24 қатысушы екінші турға жіберілді. Қорытынды кезеңде оқушылар ауызша сөйлеу дағдыларын көрсетті.

Сайысқа орыс және мемлекеттік тілдердегі мектеп оқушылары, сонымен қатар  ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназиялар мен лицейлер оқушылары түсті.

  Жүлдегер атанғандар:

1 орын  – Маратова Сая (Назарбаев Зияткерлік мектебі)

2 орын – Цой Максим (А. Гумбольдт атындағы №12 мектеп-гимназиясы )

2 орын  – Гофман Анна (№38мектеп-гимназияыс)

3 орын – Жамел Айым (№38 мектеп-гимназиясы)

3 орын – Исаева Аяжан (№ 44 мектеп-лицейі)

3 орын – Ли Александра (№38 мектеп-гимназиясы)

3 орын – Яцола Александр («Бриг» жеке меншік бизнес-мектебі)

Олимпиаданың шырқау шегі–  жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі болды. ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев жеңімпаздарды құттықтап, грамоталар табыс етті. Екінші турдың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды .

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru