Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттік Жаңа жыл – 2015

Жаңа жыл қарсаңында, «Che Guevara» түнгі клубында, ҚАЕУ студенттері үшін мерекелік кеш болып өтті.

 Студенттердің көңіл-күйлері тамаша болды, олар байқауларға белсене қатысты! Мерекелік бағдарламада ҚАЕУ-дің дарынды студенттері өз өнерлерін көрсетті: Айгерім Жомартова мен Айдана Байтемірова "Black Widow" әнімен, "The young" би студиясы бит боксерлер Темір Тұраровпен, Досан Кеншімбаевпен, Айбек Иманмазатовпен және Жібек Бисенғалиевамен бірлескен билерімен.

Белсенді студенттерге алғыс хаттар тапсырылды:

Алмас Ерліковқа (1курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі»)

Серік Мұратовқа (2 курс, «Халықаралық қатынастар»)

Берік Мұратовқа (3 курс, «Заңтану»)

Елена Бондарьға (1 курс, «Дене шынықтыру және спорт»)

Мерхат Исебаевқа (3 курс, «Ақпараттық жүйелер»)

Пана Сейтқазинаға (3 курс, «Ақпараттық жүйелер»)

Жібек Бисенғалиеваға (2 курс, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»)

Виктория Гуроваға (1 курс, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»)

Анара Төлеухановаға (1 курс, «Аударма ісі»)

Малика Қасымоваға (3 курс, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», мәдени бұқаралық сектор және вокал студиясы жетекшісі), ол «Жылдың үздік жетекшісі» атанды.

Осы кеште Өскемен қаласы әкімінің сыйлығын алуға байқау қорытындысы шығарылды. "Жылдың студенттік Көшбасшысы" аталымына «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығының  3 курс студенті  –  Алтынай Қомшыбаева ие болды (ҚАЕУ СЖО менеджері,  ҚАЕУ еріктілер қозғалысының және қоғамдық секторының жетекшісі, полицияға қолдау көрсету жөніндегі жасақ командирі).

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru