Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы болып жарияланды.  Осыған орай 6 ақпанда Өскемен қаласындағы Комсомол аралында салтанатты іс-шара болып өтті, оған ҚАЕУ студенттері де қатысты.

Бағдарламада мерекелік концерт, «Біз достығымызбен күштіміз» атты флешмоб және шаңғы жарысы болды. Бұл жарыста біздің 20 студентіміз алдыңғы орындарды иеленді. Ресми бөлігінен кейін баршалары үлкен шатырдың астындағы «Достық дастарханына» шақырылды, мұнда этномәдени орталықтар мереке қонақтарына ұлттық тағамдарын ұсынды.

Ассамблея Жылының ашылуы көптеген адамдардың басын қосты, мұның өзі Қазақстанда тұратын   халықтардың бірлігі  мен достығының белгісі еді. 

Мария Григорьева,

 «Шетел тілі: екі шетел тілі ғылш., нем.)»

мамандығының 2 курс студенті.