Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АМЕРИКАДАН БІЗГЕ ІС - ТӘЖІРИБЕГЕ

Вашингтон штаты, Сиэтл қаласының Нортвестиз Университетінің медбике ісі факультеті студенттерінің тобы жақында Өскеменге келді. Университет үш жыл бойы осындай топтарды қабылдайды, бұл топ наурыз айының басына дейін төртінші қалалық аурухана аумағында іс тәжірибеден өтеді.

Делегации құрамында алты  практикант бар: KATHLEENBERG, LAURISA COFFEE, NIKILAS CUDDEBACK, LAURA JUSTMAN, MARCOS MARTIN, ISAURA WU, және де топ жетекшісі CARL CHRISTENSEN.

Өскеменде болған алғашқы аптада студенттер ҚАЕУ еріктілерімен бірге қаламыздың әртүрлі орындарын аралады. Олар  хоспис, облыстық мешіт, этнографиялық мұражайда болып, біздің хоккейшілеріміздің ойынын тамашалап, ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен жылы шырайлылығына аса разы болды.

Ал ҚАЕУ студенттері болса  Нортвест Университеті өкілдерімен қарым- қатынас жасаудың тамаша мүмкіндігіне ие болып, ағылшын тілінен ең  жақсы даярланған студентер сонымен бірге кәсіби аудармашылық тәжірибе жинады. 

Мария Григорьева,

 «Шетеі тілі: екі шетел тіліғылш., нем.)»

                                                        мамандығының 2 курс студенті

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru