Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

РЕКТОР: ЕҢ БАСТЫСЫ ЖАЙЛЫ ОЙЛАР

ҚР ҰҒА  академигі,Қазақстан-Американдық еркінуниверситетініңпрезидентіЕрежеп Мәмбетқазиевтің«Ректор айтар ақиқат» атты монографиясы жақында  Алматыдағы ұлттық кітапханада өткен дөңгелек үстелде талқыланды.

         Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, ұлттық және мемлекеттік университеттер ректорлары, көрнекті ғалымдар, Парламент Мәжілісінің депутаттары, танымал саяси және қоғам қайраткерлері, жазушылар мен журналистер қатысты.

       Кітап 2014 жылдың маусым айында үш тілде жарық көрді, ағылшындық нұсқасы  Орегон штатында (АҚШ) басылып шықты. Алғашқы айдың өзінде, М.Ломоносов атындағы ММУ ректорыВ.Садовничий, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты В.Киянский, «Co-Serve-International» Қорының президентіМ.Кристенсен (АҚШ), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры О.Әшімовөз пікірлерін жіберді.

      Монография авторы, Қазақстанның 1993-95 жылдардағы Білім және ғылым министрі Ережеп Мәмбетқазиев, егеменді республикамыздың қалыптасуының ең күрделі жылдарында бірқатар  инновацияларды бастады. Бүгінгі кезеңде қандай нәтиже алдық және қазақстандық білім мен ғылымның одан әрі дамуының логикасы қандай … 

       Монография беттеріндегі мәселелердің өзектілігі мен өткірлігі,   деп  атап өтті сөз сөйлегендер, бұл ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың жыл сайынғы өз жолдауларында көтеретін, әсіресе «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат» стратегиясында ерекше жарқын көрініс тапқан мәселелерді ашық және еркін талқылауға шақыру.          

      Алдын ала оқығаннан кейін, кітапты талқылауды республикалық деңгейде өткізу жайлы көптеген ұсыныстар түсті. Бастама және де ҚР Президентінің баспасөз қызметі деңгейінде, оның Алматылық бюросының меңгерушісіВалерий Жандаулетовтің және де Ұлттық кітапхананың бас директоры, жазушы   Әлібек Аскардың қолдауын тапты. Пікір алмасу модераторы журналистика Академиясының  президенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі  Сағымбай Қозыбаевболды.  

        Бұл қазақстандық ректорлық тарихында,  ЖОО бірінші басшысының трибунасын соншама кеңінен ашатын тұңғыш басылым, деп атап көрсетті дөңгелек үстелге қатысушылар. Өміріміздің барлық салаларындағы болып жатқан істер жайын ашық, әрі әділ талдау жасау үшін жеткілікті ішкі еркіндік болу керек. Мәселелер тек талқыланып қана қоймай, сонымен бірге оларды шешуге сындарлы бағыт жасау үшін логика мен жігер болу керек. Автор барлық келеңсіз нәрселерге сындарлы оппозицияға,  күтілетін сапалы нәтижелерге қол жеткізуде белсенділік пен пайдалылық көрсетуге шақырады. Өйткені реформалардың сәтсіздігі, деп атап көрсетеді автор, мазмұны жағынана өзгертуге саналы бағыттың болмауында, үдерісті жүзеге асырудың нақтылы механизмінің болмауында. Сонымен қатар өткендегі бүкіл тәжірибеден пайдалы сабақ алу аса маңызды.  

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru