Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЗАҚСТАНҒА ІС – ТӘЖІРИБЕГЕ

ҚАЕУ президенті  ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев Вашингтон штаты, Сиэтл қаласының Нортвест Университетінің медбике ісі  факультетінің студенттерімен кездесті. Топ Өскеменге дәрігерлік іс-тәжірибеден өтуге келген болатын.

Кездесу университеттің  ардагер серіктесі Патрик Митчеллдің қатысуымен өтті.  Компьютерлік технологиялар докторы (PhD), INTEL (АҚШ) компаниясының жетекші инженері, ҚАЕУ   профессоры, міне  15 жыл бойы зайыбы  Ярославамен бірге Өскеменге келіп, студенттерді заманауи ақпараттық технологияларға үйретуде.

ҚАЕУ президенті топты құттықтап, университеттің АҚШ, Канада, Еуропа мен Азия елдерімен серіктестікті дамыту жөніндегі қызметі жайлы айтып берді. Бұл жолы практиканттар құрамында Аргентина мен Мексикадан шыққандар да бар. Практиканттардың әрқайсысы Қазақстанды таңдағандарына қанағаттанғандықтарын білдіріп, Өскемен тұрғындарымен сұхбаттасуға көмектескен ҚАЕУ студенттері жайлы жақсы әссерлерімен бөлісті.

Топ жетекшісі Карл Кристенсен шәкірттерінің атынан ҚАЕУ президентіне көпжылдық қолдауы мен көңіл бөлгеніне ризашылығын білдірді.

ҚАЕУ ақпараттық орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru