Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақ тілі мен әдебиетінен қалалық олимпиада

Қазақстан-Американдық еркін университеті Қалалық білім беру бөлімімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында  Өскемен қаласының қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 10,11 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға қатысуға Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия – интернатының, Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп- лицейінің, А.Байтұрсынов  атындағы №20 орта мектептің, №45 бейімделген орта мектебінің, Меновное, Ахмер  орта мектептерінің, қаламыздың №15, 16, 32, 42 орта мектептерінің оқушылары тілек білдірді.

Олимпиаданы ҚР ҰҒА акедемигі, ҚАЕУ Президенті Е.А.Мәмбетқазиев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Олимпиада қонағы,  қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің әдіскері З.С.Скакова  қатысушыларға сәттілік тілеп, осындай олимпиадалардың өткізілуі қазақ тілінің мәртебесін көтеретіндігін атап өтті.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. 1-кезеңде оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен тест  тапсырмаларын орындаса, 2-кезеңде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен талдау жұмыстарын жасады.

Олимпиада барысында қала мектептерінен келген қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арнап ф.ғ.д. К.Ә.Құсманова оқу-әдістемелік семинар өткізіп, соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. 

Олимпиадада оқушылар тіл мен әдебиеттен білімдерін шыңдап, төмендегідей нәтиже көрсетті:

10-сыныптар арасында:

1-орын - Айтказина Шұғыла (Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп- лицейі);

2-орын - Карибаева Перизат (Меновное орта мектебі);

2-орын - Түлкібаева Алтынай(Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп- лицейі);

3-орын - Жеңіс Оразай (А.Байтұрсынов  атындағы №20 орта мектебі);

3-орын- Нуролдина Ұлжан (№45 бейімделген орта мектебі).

11-сыныптар арасында:

1-орын - Алтаева Аида  (№16 орта мектебі);

2-орын - Жанболатқызы Ажар (Дарынды балаларға арналған Жамбыл ат.обл. мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты);

2-орын - Аипова Аяулым   (А.Байтұрсынов  атындағы №20 орта мектеп);

3-орын- Авелхан Хуанган   (№14 орта мектебі);

3-орын - Толымханова Ғафура (Дарынды балаларға арналған Жамбыл ат.обл. мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты).

Олимпиада жеңімпаздарына Қазақстан-Американдық еркін университетінің бакалавриат бағдарламасында оқу үшін 30,40,50 пайыздық жеңілдіктер берілді.  Қатысушылар олимпиаданың әділ бағаланғандығын және Қазақстан-Американдық  еркін университетінің қонақжайлылығын атап өтті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru