Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері – тіл жанашырлары

Қазақстан-Американдық еркін университеті «Қалалық университет» жобасының аясында Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп  қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат пен жарнамалардың  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында рейд жүргізді. Рейдке университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері жұмылдырылып, жұмыс топтары құрылды. Ол топтарға «Педагогика және психология» кафедрасының тілші мамандары жетекшілік етті. Қаңтар, ақпан айларында ҚАЕУ студенттері Өскемен қаласының Тәуелсіздік, Абай даңғылдары,  Протозанов, Мызы, Севостопольская, Михаэлис, Виноградов, Бажов, Ворошилов және Астана көшелерін аралап, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің заң талаптарына сәйкестігін және аудару кезінде негізгі мағынасының дұрыс болуын тексерді.  Тексеру нәтижесінде 79 қате анықталды.

Қала көшелеріндегі қате атаулардан көз сүрінеді. Қаламызда қазақ тіліндегі жазуларда кездесетін қателерді тіл мамандарының ғана емес, ана тілін білетін барша қауым көріп жүр. Көрнекі ақпараттағы қателер көзге ұрып тұр. Кейбір атаулар орфографиялық нормаларға сәйкес келмесе, кейбірінде грамматикалық қателер мен мұндалайды. Жіберілген қателердің көбі сауатсыз аудармадан ақсап тұр.

Бір ғана Тәуелсіздік даңғылындағы біршама үйлерде «Тәуелсіздік даңғылы» атауында  «ң»  әрпінің орнында  «н»  жазылып  «Тәуелсіздік данғылы» болып кеткен.  Сол сияқты, «Абай даңғылының» деген сөздің орнына «Абай данғылы» деп көзге оғаш тұрған үйлер көп.

Тексеріс қорытындысы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университеті Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне кең көлемдегі ақпарат беріп, фото есеп те тапсырды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Әлжапаров Н.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru