Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ – дегі Қазақстан тарихы және құқықтық білім негіздері бойынша олимпиада

Дәстүр бойынша ақпан айында «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы зияткерлік сайыста өз білгірлігін көрсетуге ниет білдірген, дарынды және шығармашылық оқушылар үшін  олимпиада өткізеді. Бұл жыл да әдеттегіден өзгеше болған жоқ. Сонымен, 2015 жылдың 26 ақпанында Қазақстан тарихы және құқықтық білімдер негізі бойынша  10-11 сыныптар оқушылары үшін  олимпиада өткізіліп, оған Өскемен қаласының он бес мектебінен 74 оқушы қатысты.

Бұл олимпиада мемлекетіміздің мерейтойлық айтулы күндеріне орайластырылды: Қазақ хандығының 550 жылдығына; екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына; Конституция мен Қазақстан халқы  Ассамблеясының  20 жылдығына. Ұмытылмас оқиғалар олимпиаданың үш кезеңі тапсырмаларының негізіне енді. Оқушылар Қазақстан тарихынан, сонымен бірге құқықтың негізгі салалары: Қазақстан Республикасының конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқығы бойынша өз білімдерін тексерді.

Тестілеу қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздары екінші кезеңде сайысқа түсіп, бірнеше тақырыптық модулдар бойынша жедел-сауалда текше жинады. Үшінші кезеңге №№ 45, 38, 34,19, 10 мектептерден 10 оқушы өтті. Соңғы кезеңге қатысушылар «Қазақтың әдеттегі құқығындағы билер соты» үлгілі сот процессіндегі әдейі жіберілген қателіктерді түзеді.

Сайыс қорытындылары бойынша ең көп баллды №38 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Дюкова Алена жинады, ол ҚАЕУ-де оқуға  50%  жеңілдік беретін сертификат алды.

Екінші орынды №2    мектеп– гимназиясының 11 сынып оқушысы Егізбаев Қанат иеленді, оған 40%  жеңілдікпен сертификат  тапсырылды.

Үшінші құрметті орынды және  30% жеңілдікпен сертификатты  № 34 мектеп-лицейінің  10 сынып оқушысы  Мұхамадиева Кәмила  иеленді.

Мектеп оқушыларына тек зияткерлік тапсырмаларды орындау ғана  қызғылықты болған жоқ, сонымен қатар ҚАЕУ мұражайын, сот отырыстары залын аралау және саусақтардың таңбасын алу рәсімін көрсету де қызғылықты болды.

Олимпиада кезінде оқушыларды ертіп жүрген мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды. Мұғалімдер гуманитарлық цикл пәндері бойынша заманауи білімдік технологиялар саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.  Барышева Тамара Владимировна мектепте «Қазақстан тарихы» сабақтарындағы осындай тәжірибесін атап өтті. Плотникова Ирина Анатольевна –№10 мектеп-гимназисының мұғалімі  қатысушыларды мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы JIPTлар зияткерлік ойынының мүмкіндіктерін жүзеге асырумен таныстырды. Мацковская Елена Юрьевна дінтану  бойынша  Жұмыс дәптерін жүргізу тәжірибесімен әріптестерімен бөлісті. Елена Юрьевна  антропология, әлеуметтік психология, әлеуметтану, этнография элементтері кіретін дінтану мектеп курсының қолданбалы және жүйелі сипатын ерекше атап өтті. 

Іс-шараға қатысушылардың барлығы Олимпиада ұйымдастырушылар атына жағымды пікірлер қалдырып, университет басшыларын өз білімдерін тексеруге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, Қазақстан-Американдық еркін университетінің жаңашылдық және ғылым рухын ұғынуға  мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді.

                                                                «Құқық және халықаралық қатынастар»  

                                                                 кафедрасының меңгерушісі                                                                                                                                                                            

                                                                                               з.ғ.к. Гаврилова Ю.А.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru