Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ- де экономикадан жыл сайынғы олимпиада болып өтті

ҚАЕУ- де «Бизнес» кафедрасы ұйымдастырған 9-11 сынып оқушылары үшін экономика және ақпараттанудан жыл сайынғы  олимпиада болып өтті.

Жиналғандарды құттықтап, ОЖ және ББ жөніндегі ҚАЕУ вице-президенті, экономика ғылымдарының кандидаты Галина Конопьянова  сөз сөйледі.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: тікелей және сырттай. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болды.

 Олимпиадаға 10 команда қатысты:

  1.      Өскемен қаласының № 2 мектеп- гимназия – балалар бақшасы кешені;
  2.      Өскемен қаласының №5 орта мектебі;
  3.      Қасым Қайсенов атындағы кенттің мемлекеттік тілде оқытатын Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебі;
  4.      Қасым Қайсенов атындағы кенттің орыс тілінде оқытатын Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебі;
  5.      №1 Белоусовска  орта мектебі,  Белоусовка кенті;
  6.      Қарабұлақ орта мектеп– балалар бақшасы,  Қарабұлақ ауылы, Үржар ауданы;
  7.      Найманбай атындағы орта мектеп, Мақаншы ауылы, Үржар ауданы;
  8.      Экономикалық  мектеп– лицей,  Риддер қаласы;
  9.      Қ. Игенбайұлы атындағы  орта мектеп– балалар бақшасы,  Елтай ауылы, Үржар ауданы;
  10.                         Жаңа-Ертіс орта мектебі, Алтайское ауылы, Глубокое ауданы.

Олар бірінші сырттай кезең – эссе жазудан алдын ала сынақтан ойдағыдай өтті.

Олимпиаданың екінші кезеңінің өзі (тікелей) бірнеше кезеңнен тұрды: бейне тұсаукесер байқауы, экономика және ақпараттанудан тестілік тапсырмалар, іскерлік ойын, блиц–байқау.

Сынақты әділ қазылар алқасы қадағалап отырды, оның құрамына PhD докторы, доцент, «Бизнес»  кафедрасының меңгерушісі – Илона Бордияну, PhD докторы, Co-Serve International қоры білім беру бағдарламаларының директоры– Патрик Митчел, математика магистрі, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы – Азамат Бердібеков, халықаралық бөлімнің жетекші маманы– Айжан Хайруллина кірді.

Екі кезеңнің нәтижелері бойынша қазылар алқасы үздік командаларды анықтап, олар дипломдар және ҚАЕУ– де оқуға жеңілдік беретін сертификаттар алды.

1 орын: Өскемен қаласының № 2 мектеп- гимназия – балалар бақшасы кешені (оқуға жеңілдік 25%)

     2 орын:Экономикалық  мектеп– лицей,  Риддер қаласы

 (оқуға жеңілдік 20%)

3 орын: Қасым Қайсенов атындағы кенттің мемлекеттік тілде оқытатын Раимжан Мәрсеков атындағы орта мектебі (оқуға жеңілдік 15%)

Сонымен бірге аталымдардағы командалар атап өтілді:

  1.                         «Үздік эссе» аталымында – Жаңа-Ертіс орта мектебі командасы, Алтайское ауылы, Глубокое ауданы;

 «Команданың үздік бейне тұсаукесері»аталымында – Экономикалық  мектеп– лицей командасы,  Риддер қаласы;

 «Экономикадан тестілеудің үздік нәтижелері» аталымында – Шишкина Арина, Өскемен қаласының № 2 мектеп- гимназия – балалар бақшасы кешені;

«Ақпараттанудан тестілеудің үздік нәтижелері» аталымында– Квашин Александр, ; Өскемен қаласының № 2 мектеп- гимназия – балалар бақшасы кешені;

 «Іскерлік ойынның үздік нәтижелері» аталымында– Найманбай атындағы орта мектеп командасы, Мақаншы ауылы, Үржар ауданы;

«Өз ойыны» блиц байқауының жеңімпазы» – Өскемен қаласының № 2 мектеп- гимназия – балалар бақшасы кешені командасы;

Қатысушы командалар директорлары мен пән мұғалімдеріне алғыс хаттары тапсырылды.

Қатысушылар нәтижелерге қанағатанды. Олар құнды тәжірибе жинап, экономика және ақпараттану саласында өз білімдері мен дағдыларын  көрсетті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru