Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-2015 ПАТШАЙЫМЫ

Университет студент қыздарының арасындағы көптен күткен жыл сайынғы бұл сұлулық байқауы 6 наурызда өткізіліп, Халықаралық әйелдер күніне орайластырылды.

Қай жерде бір уақытта шабыт алып, көңіл–күйді көтеріп, сұлу аруды немесе әдемі көйлектегі қыз-періштені көруге болады? Тек қана жастық пен кемелділік, мода мен сұлулық байқауында ғана. Сұлулық байқауы – бұл әр қыздың өзінің бүкіл кербездігі мен харизмасын, сымбаттылығы мен көз тартарлығын, әсерлілігі мен ажарлылығын, әсем бейнесі мен сүйкімділігін көрсету мүмкіндігі.

Аталмыш байқауға көз тартарлық алты қыз қатысты. Бұл: Елена Бондарь (1 курс, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі), Елена Втюрина (1 курс, қаржы), Пана Сейітқазина (3 курс,ақпараттық жүйелер),  Екатерина Сухова (1 курс, шетел тілі: екі шетел тілі (ағылш., нем.), Қымбат Алматаева(2 курс, психология), Ақерке Жасболатова (1 курс,заңтану).

Көз тартар, әрі сүйкімді, сұлу, әрі әсерлі қатысушылар өздерін  ең жақсы жақтарымен көрсете білді: өздері жайлы баяндады, алғыр ақылдарын көрсетті  және баршаны керемет көйлектерімен таңдандырды!

 Сонымен бірге қыздар жан -жақты дамыған және бай дарын иелері екендерін көрсетті: ән айтты, тәкаппар  лезгинканы және қызу шығыс биін билеп, сазды аспаптарда ойындарымен өз саусақтарының ептілігін көрсетті және актерлік қабілеттерін паш етті.

Ұзаққа созылған сайыста "ҚАЕУ-2015 патшайымы" тәжін Елена Бондарь иеленді, ол баршаны өзінің ырғақты да сәнді билерімен сүйсіндірді.

Жазушы  Михаил Булгаковтың тамаша сөздерімен аяқтағым келеді: «Керемет! Баршалары сүйсінді, иіліп ғашық болды, қаншама ырғақтылық, қаншама шеберлік, әсерлілік пен сүйкімділік десеңізші!»

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru