Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Болашақ заңгерлердің Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларымен кездесуі

Жыл сайын наурыз айында Қазақстан-Американдық еркін университетінің  «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары мен студенттері әртүрлі ғылыми және шығармашылық іс-шаралар өткізеді және де мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмыс берушілері және өкілдерімен кездесулер жүргізеді. Мәселен, кафедраның Ғылым және шығармашылық апталығы аясында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Төленді Қасымов  «Заңтану» мамандығы студентерінің мамандар және судьялармен кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. «ҚАЕУ студенттері бірнеше мәрте әртүрлі– оқу-таныстырылымдық, өндірістік, диплом алдындағы іс–тәжірибелерді Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткізіп, өздерін заң саласында кәсіби жағынан сауатты, теориялық жағынан даярланған болашақ маман ретінде көрсете білді» - деп атап көрсетті ол.

2015 жылдың 13 наурызында сотты аралаған кезде студенттер судьялар –Еділ Күдербаевпен, Алма Күзбосыновамен және сот отырыстары хатшыларымен кездесті, олар атқарылатын жұмыстардың ауқымы және сипаты жайлы баяндап берді.

Еділ Күдербаев болашақ заңгерлерге әкімшілік сотының қызметі жайлы айтты және оның мекемесіне қатысты істер санатын анықтап берді. Одан әрі ол студенттердің назарын, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және жаңа заңнаманың қабылдануы әкімшілік сот өндірісіне қандай ықпал еткеніне аударды. 

Өткізілген әңгімелерден соң студенттер әкімшілік істер жөніндегі процесстерге қатысты.Студенттерге мысалдар арқылы теория жүзінде, кейіннен тыңдалған істерде көргендері нәтижелері бойынша барлығы түсіндіріліп, сөйтіп Қазақстан Республикасында сот төрелігі сот өндірісінің ашықтық және жариялылық ұстанымдарында жүргізілетініне олардың тағы да көздері жетті.

Кездесу аяқталған соң болашақ заңгерлер, ашық та, жариялы сот төрелігі сот жұмысының сапасын сипаттайтының, ал ол өз кезегінде сот шешімдерінің айқындығы - бұл, ең алдымен, олардың заңдылығының дәлелі, сот төрелігі сапасын, сот жүйесіне азаматтардың сенім деңгейін арттыру факторы екенін атап көрсетті.

Динара Даутбаева

                                                  PhD докторы, «Құқық және халықаралық қатынастар»кафедрысының аға оқытушысы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru