Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

13 - 16 наурыз аралығында университеттің спорт кешенінде мектептер лигасының қыздар арасында ВОЛЕЙБОЛДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

     

Жарысқа алты команда қатысты: КөкпектіҮрджар, Глубокое, Абай, Тарбагатай аудандары және Өскемен қаласы.

Турнирді ҚАЕУ профессоры Карен Нариманян, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Әсем Нұрланова, ҚР еңбегі сіңген спорт қайраткері Николай Благов, ҚР ҒӨО жетекші маманы Еркебұлан Ермұқашев ашты. Жарыстың бас төрешісі– Олег Сычёв, волейболдан жоғары санатты төреші.

Турнир екі кезеңнен тұрды: бірінші  –аудандық/қалалық жарыстар,  екінші кезең–іріктеу жарыстары. Ойындар өте тартысты болды, әр команда күштерін толық жұмсады.

Қорытындысында жүлделі орындар былай бөлінді:

I орын -  Өскемен,

II орын- Үрджар ауданының командасы,

III орын – Көкпекті ауданы.

Командалар дипломдар, кубоктар және ҚАЕУ-де оқуға жеңілдік беретін (20%, 30%, 40%) сертификаттармен марапатталды.

Жарысқа қатысушы баршаларын құтықтап, одан әрі табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru