Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дегі ұлттық тағамдар фестивалі

Наурыз – бұл көктемнің, табиғаттың жаңару мейрамы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Бұл ерекше белгісі бар күн және Наурызбен көптеген салт - дәстүрлер байланысты.

Ұлттық «Наурыз» мейрамының құрметіне Қазақстан-Американдық еркін университетінде ұлттық тағамдар мен  «Халықтар достығы» атты Қазақстан халқы дәстүрлерінің фестивалі болып өтті, оған университет кафедралары мен  студенттері қатысты.

Әр кафедрада бай дастархан жайылып, оның тұсаукесерлері болды. Столдарда тамақ қоятын орын болмады– шығыстың тәттілері мен жемістер, наурыз-көже, қымыз, бауырсақтар, қойдың басы, хош иісті шәй мен ыстық палау. Әр кабинет әсем безендірілді. Бағдарламада сонымен бірге әндер мен қазақ билері де болды.

 Фестивальға шетелдік оқытушылар мен университет қонақтары  – Патрик Митчел, Кэти Хайт және Гэри Сопер қатысты. Олар қызығушылықпен және сүйсініп қазақ тағамдарының дәмін татты.

Іс-шара барысында қазылар алқасы жұмыс жасады, олар кафедраларды мына аталымдар бойынша бағалады:

 «Ұлттық колорит» аталымында мақтау қағазымен– «Педагогика және психология» кафедрасы;

 «Этнос тағамы» аталымында мақтау қағазымен – «Бизнес» кафедрасы;

 «Көрермендердің арнайы жүлдесі» аталымында мақтау қағазымен –«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы;

 «Фестивальға қатысқаны үшін»  мақтау қағазымен – «Шетел тілдері» кафедрасы. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru