Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АҚШ-да ҚАЕУ 20 жылдығын тойлау

2015 жылдың  9 наурызында Портленд қаласында (АҚШ,Орегон штаты) Қазақстан-Американдық еркін университетінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

Негізгі мерейтойлық іс-шаралар 2014 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өткен болатын. Оған университеттің американдық серіктестерінің 25 адамнан тұратын делегациясы қатысты, олар ЖОО қалыптасуы және дамуына ат салысқан оқытушылар, бизнесмендер, қоғам қайраткерлерінің оннан бір бөлігі ғана болатын. Сондықтан да американдық тарап, мерейтойлық салтанаттарды американ жерінде де өткізу жайлы ұсыныс жасады. ҚАЕУ негізгі серіктестерінің бірінің базасы –15 жыл бойы ҚАЕУ Қамқорлық кеңесінің төрағасы, «CoServeInternational» ұйымының президенті Маршалл Кристенсен басқарған, Уорнер Пасифик Колледжінде 100 астам адам қатысқан қабылдаулар мен іс–шаралар болып өтті. Олар ҚАЕУ Қамқорлық кеңесінің мүшелері, шетелдік оқытушылар, қазіргі кезде АҚШ-да тұрып жатқан университеттің бұрынғы түлектері, компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар 20 жыл бойы АҚШ-ғы іс – тәжірибе кезінде ҚАЕУ студенттерін өз үйлерінде қабылдаған американдық отбасылар болатын.  

 Қазақстандық тараптан салтанатқа, университет негізін қалаушы, ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Е.Ә., оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президент Конопьянова Г.А., ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Мәмбетқазиева Р.А., «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Мензюк Г.А., халықаралық және көптілділік бағдарламалары Орталығының директоры Новицкая Ю.В., американдық бағдарлама  «Менеджмент» мамандығының  5 курс  студенті Абдыбаева А. қатысты.

ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі  Мәмбетқазиев Е.Ә. ҚР БҒМ атынан, ҚАЕУ американдық серіктестерінің жаһандану жағдайында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлестеріне жоғары баға беру белгісі ретінде, «CoServeInternational» (АҚШ) ұйымының президенті Маршалл Кристенсенге Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісін тапсырды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru