Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҒЫЛЫМ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

шетел тілдері кафедрасында  16 -20 наурыз аралығында өтті. Олоқытушылар,студенттер және біздің шетелдік әріптестерімізге  интерактивтікшығармашылық саласында ашқан жаңалықтары және табыстарымен бөлісуге мүмкіншілік туғызды. Бағдарламаға олимпиада, байқаулар, көркем жобалар енді, сондықтан да ол мазмұнды болды.

Жаннұр Қамзина

«Шетел тілдері»

кафедрасының оқытушысы

         Олимпиаданың бірінші кезеңі: «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарының барлық курстары үшін лексикалық-грамматикалық тестілеу.

Олимпиаданың екінші кезеңі мамандықтар бойынша болды.Атап айтқанда, «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығының студенттері үшін  алдын -ала даярланбаған сөз сөйлеуге тапсырма берілді. Студенттер нақтылы тақырып бойынша өз пікірін білдіруге тиіс болды. «Аударма ісі» мамандығының студенттері үшін ауызша және жазбаша аударманы жасау тапсырмасы болды. Бірінші кезең нәтижелері бойынша екінші кезеңге өз курсында ең көп балл жинаған студенттер өтті:

«Шетел тілі: екі шетел тілі»:

  1.        Александр Штыков (1 курс)
  2.        Роман Жексенев (1 курс)
  3.        Владислава Васильченко (2 курс)
  4.        Ксения Вахненко (2 курс)
  5.        Наталья Сомова(2 курс)
  6.        Виктория Андреева(2 курс)
  7.        Александр Никипелов (2 курс)
  8.        Валерия Башинская(3 курс)
  9.        Ғалима Смағұлова(3 курс)
  10.   Олеся Бусыгина (3 курс)
  11.   Екатерина Рыбалкина (3 курс)

 «Аударма ісі»:

  1.        Ярослава Зайцева (1 курс)
  2.        Альбина Екімбаева (1 курс)
  3.        Раушан Әлібекова (2 курс)
  4.        Лина Калиниченко(2 курс)
  5.        Екатерина Егорова (2 курс)
  6.        Людмила Чудинова(2 курс)
  7.        Анастасия Олейник (3 курс)
  8.        Анастасия Нечепуренко(3 курс)
  9.        Елена Галактионова(3 курс)
  10.   Әмина Ілияс (3 курс)

Екінші кезең нәтижелері бойынша жеңімпаз атанғандар:

1 орын –Александр Штыков, Анастасия Нечепуренко;

2 орын –Ғалима Смағұлова, Анастасия Олейник;

3 орын –Владислава Васильченко, Лина Калиниченко.

Екінші күні зияткерлік  «Өз ойыны» өткізілді. Ойынға сұрақтар, әдетте, табатын сөз есімдікпен ауыстырылған пайымдау ретінде тұжырымдалды. Ойыншылар әңгіме не жайлы екенін аңғарып, жауап берулері тиіс болды.  «Өз ойыны»  жеңімпаздары мына студенттер болды:

1 орын –Александр Никипелов (2 курс)

2 орын – Әйгерім Жомартова (1 курс)

3 орын – Роман Жексенев (1 курс)

Олимпиаданың екінші кезеңін өткізуден кейінгі үшінші күні  «Әуенді тап» ойыны өткізілді. Қатысушылар белгілі бір санатты және тілеген баллдарын  таңдап, одан кейін әуенді болжады.

Қатысушылардың 1 жұбы–Ярослава Митчелл, шақырылған шетелдік оқытушы мен Анна Смагина, ЦМПП менеджері;

Қатысушылардың 2 жұбы  – Владислава Васильченко, американдық бағдарламасы, «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығының 2 курс студенті, және Серік Мұратов, «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенті.

Қатысушылардың 3 жұбы   –Виктория Андреева, «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығының 2 курс студенті және Темір Тұраров, американдық бағдарламасы, «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті.

Жеңімпаз атанғандар: Виктория Андреева мен Темір Тұраров.

Төртінші күн екінші шетел тілдері тұсаукесері – концерт ретінде өтті. Студенттерге алдын –ала  екінші шетел тілдері бойынша бағдарлама даярлау тапсырмасы берілді. Концертке түрік, испан және неміс тілдерін оқып– үйреніп жүрген студенттер қатысты. Студенттер сол тілдерде ән және қойылымдар әзірледі. Екінші шетел тілдерін оқып–үйреніп жүрген елдердің кейбір салт–дәстүрлерін көрсетті. Аталмыш іс-шара бірінші курстарға екінші шетел тілін таңдауға көмектесуге, барша көрермендерді екінші шетел тілдерін оқып- үйреніп жүрген елдердің мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыруға бағытталды.

 «Ғылым мен шығармашылық апталығының» соңғы күні, сонымен қатар, әртүрлі іс-шаралар да болды. Атап айтқанда, соңғы күннің басында «Хорлар шайқасы» байқауы өткізілді. Бұл байқау, ағылшын, испан, неміс  және түрік тілдерін оқып-үйреніп жүрген студенттер арасында өткізілді. Студенттер алдын-ала хор ұйымдастырып, таңдаған тілде екі ән даярлауға тиіс болды.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде келесі оқытушылар жұмылдырылды: Ирина Фёдорова, Владимир Елаков, Патрик Митчелл. Байқау екі кезеңде жүрді. Қазылар алқасы әрбір хорды нақтылы өлшемдер бойынша бағалады. Бірінші кезеңде барлық төрт хор бір-бір әннен орындады. Екінші кезеңде, бірінші кезеңде жеңген екі хор бағаланды. Байқау жеңімпаздары атанғандар: -

1 орын – неміс тілі хоры

2 орын – ағылшын тілі хоры

Байқаудан кейін «Ғылым мен шығармашылық апталығының» жабылу салтанаты болды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ынталандыру жүлделері тапсырылды.


Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru