Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН

02-05 сәуір аралығында заманауи ғылыми бағыттар бойынша жас ғалымдардың V халықаралық Форумы болып өтті.

Бұл форум 2015 жылдың жалпыұлттық мерейтойлық атаулы күндер аясында жүргізілді: Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы, Абайдың туғанына 170 жыл толуы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.

Пленарлық сессияда ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев  және «Co-ServeInternational» қорының  президенті Маршалл Кристенсен құттықтау сөз сөйледі.

Университет оқытушылары мен студенттері баяндамалар жасады. Сонымен қатар «Заңтану» мамандығы студенттерінің қатысуымен үлгілі сот процессі көрсетілді.

Форум жұмысы шеңберінде келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтті:

Заңтану мәселелері;

Қазіргі заманғы қоғам дамуының экономикалық проблемалары. Елдер экономикасының нарықтық үдерістерін қамтамасыз етудің қаржылық құралдары;

Туризмнің және ҚР индустриалды-инновациялық дамуын басқарудың өзекті мәселелері;

Шетел филологиясы және мәдениаралық  қатынастар мәселелері;

Тілдер және оқыту әдістемесі мәселелері;

Филология мәселелері;

Педагогика мен  психология мәселелері;

Экология, математика және ақпараттанудың өзекті мәселелері.

Форум жұмысына Қазақстан және АҚШ-нан баяндамашылар қатысты.

  Конференцияға қатысушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар мен қатысушы сертификаттары тапсырылды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru