Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

МЕКТЕП–КОЛЛЕДЖ–ЖОО өңірлік жүйедегі интеграция мен инновациялар

Осындай күн тәртібімен ҚАЕУ-де 15 сәуірде Өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Ол ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өңірдің білім мәселелеріне жұртшылықты жұмылдыру және де тәжірибе алмасу дәстүрлерін жалғастыру мақсатында өткізіледі. Оның ұйымдастырушылары «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы, ШҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қазақстан-Американдық еркін университеті, сонымен қатар өңірлік білімнің тәжірибелік мәселелерін де талқылады.

Конференцияға қатысушыларды ҚАЕУ президенті,  ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтап, сөз сөйледі.

          Конференцияда ҚАЕУ вице-президенті, Өскемен ЭҚК директоры Ерсайын Нәбиев, Рымбек Байсеитов атындағы Семей ЭҚК директоры Думанғазы Арғынғазин, Халықаралық психология ғылымдары Академиясының корр. мүшесі Сергей Ковалёв баяндама жасады. ШҚО кәсіпкерлер Палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Роза Бисикенованың, ҚАЕУ психология және  педагогика кафедрасының доценті Ирина Мацкевичтің, Өскемен қаласы әкімдігі  білім бөлімінің бастауыш сыныптар әдіскері  Марина Андрееваның баяндамалары үлкен қызығушылық туғызды.

Барлық баяндамашыларға мақтау қағаздары табыс етілді. Конференцияға қатысушылар ұсыныстар жобасын талқылады.

Іс-шара аясында ғалым педагогтардың шеберлік сабақтары өткізілді. ҚАЕУ жыл сайын мұндай форумдарға қатысушыларды өңірлік білім саласында тәжірибе алмасу үшін арнайы алаңмен қамтамасыз етеді, мектеп пен жоғары оқу орындары әртүрлі пәндері саласындағы мамандарды біріктіреді. Осының бәрі облыс педагогтарының біліктілігін арттыруға көмектеседі. Шеберлік сабақтары нәтижелері бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Конференция мына секциялар бойынша жүргізілді: «Оқушының даму құралы ретіндегі қосымша білім мәселелері», «ЖОО дейінгі даярлық мәселелері», «Білім берудің мектепке дейінгі және бастауыш деңгейлерінің сабақтастық мәселелері». Конференция материалдары арнайы жинақта жарияланды.

Конференцияда «мектеп- ЖОО» жүйесіндегі өзара қатынас мәселелеріне жаңаша тұрғыдан қарауға қатысты бірқатар маңызды   теориялық қағидалар қарастырылды.

Іс-шараның шырқау шегі үздік жұмыстарды I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттау рәсімі болды. Өңірлік педагогикалық қауымдастық алдарында тұрған  көп міндеттерді орындауға күштерінің жеткілікті екенін көрсетті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru