Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

НЬЮТОН–ӘЛ-ФАРАБИ: ДАМУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ

BritishCouncil мен «Ньютон – әл-Фараби» «Ғылым қоры» АҚ серіктестік бағдарламасы аясында, ҚАЕУ базасында ШҚ және Павлодар облыстарын біріктіретін, кәсіби даму мен өзара қимыл өңірлік Орталығы ашылды.

         13 сәуірде алғашқы семинар өткізіліп, серіктестік, «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарлама бойынша PhD дәрежесін алу мәселелері талқыланды.               Семинар                                              жұмысына UKHigherEducationInternationalUnit (Ұлыбритания)  стратегиялық серіктестік жөніндегі  менеджер Рэйчел Сара-Кеннеди, жоба менеджері  Айтжамал Мансұрова, БҚМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ конкурстық рәсімдер департаментінің директоры Гайни Есембекова және де мүдделі оқытушылар, қызметкерлер, магистранттар мен ЖОО докторанттары қатысты.

         Бағдарламаны Ұлыбритания және Қазақстан үкіметтері  2014 жылы бес жылға ашқан болатын және ол Қазақстанда ғылыми – зерттеу қызметін қолдауға бағытталған. Оның жалпы бюджеті 20 миллион фунт стерлингті құрайды, бюджет Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Кәсіпкерлік, инновация және кәсіптік білім министрлігі басқаратын Ньютон Қоры қаражаты есебінен қалыптасады. Қазақстан тарапынан бағдарламаны Үйлестірушісі «Ғылым қоры» АҚ, ал  Ұлыбритания тарапынан BritishCouncilсо болып табылады.

     Бағдарлама шеңберінде Ұлыбритания мен Қазақстан қазіргі байланыстарды одан әрі нығайтып, ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласында жаңа тұрақты, жүйелі қатынастарды кеңейтуге ниетті.

          Кәсіби даму және өзара қимыл – «Ньютон-әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы бағыттарының бірі. Осы бағыт аясында Қазақстанның қалалары мен өңірлерінде сегіз орталықтар құрылған, олардың базалық мекемелері мыналар:

Назарбаев Университет,  Мемлекеттік басқару жоғары мектебі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі;

Қазақстан-Британ техникалық университеті,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

Қазақстан-Американдық еркін университеті;

Ә. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;

Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

      Әрбір орталық– бұл зерттеушілер, ғылыми жетекшілер, техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға мүмкіншілік жасайтын, зерттеушінің ғылыми нәтижелерін ықтимал тұынушымен өзара қимыл мүмкіндігін  жасайтын,  өңірлік хаб.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru