Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

AES – ҚАЕУ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ КӘСІБИ ІС– ТӘЖІРИБЕ

«Білім оқуда алынады, ал іс- тәжірибеде сыналады» - осындай қанатты сөздермен, 16 сәуірде Қазақстандағы AES компаниялар тобының қызметкерлеріШҚО-дағы аса ірі жылу және электр қуатын өндіруші кәсіпорынның кіре берісінде, Қазақстан-Американдық еркінуниверситетінің заңгер студенттерін қарсы алды.

Экскурсияның алғашқы минуттарынан бастап студенттер бірден жұмыс ахуалына еніп, кәсіпорынның әрбір жұмыскеріне түсетін күрделі жауапкершілікті байқады.

-Бүгін, - деп түсіндірді ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Юлия Гаврилова, - заңгер даярлаудың маңызды бөлігі студенттерде құқық мөлшерін қолдану дағдысын қалыптастыру болып табылады. Міне сондықтан да университетіміз менеджер Алексей Конопьяновтың семинар өткізу бастамасын қолдады.

Тәжірибелік семинар өткізу барысында  Алексей Конопьянов, ЖЭО-ның жақын және алыс шетелдермен азаматтық-құқықтық келісім-шарттар құрастырып, жасаудағы құқықтық жұмысының сегіз жылдық тәжірибесімен бөлісті. Студенттерді мердігерлік келісім-шарт даярлау мен оған қол қою кезіндегі тәжірибелік мысалдар мен қайшылықтар қызықтырды.

 Қатысушылар тек жауап беріп қана қоймай, сонымен бірге осы ұйымның тарихы мен жетістіктеріне қатысты сауал қоя алған бетпе-бет сұхбаттасу, аталмыш семинардың құндылығын арттырды. Екінші курс студенті  Виктория Александрованы (ТжКБ базасында), Қазақстан Республикасының экологиялық және еңбек заңнамасын орындаудың аса өзекті мәселелері қызықтырды. ҚАЕУ жетекші оқытушысы, PhD докторы Динара Даутбаева,  компанияның   Халықаралық төрелік сотына жүгіну тәжірибесімен бөлісуді сұрады.

Студенттерге, сонымен бірге, кәсіби іс-тәжірибеден өту кезінде өздері кездестірген  мысалдарын келтіріп, қолданыстағы азаматтық заңнаманың мөлшерлерін талдауға мүмкіндік туды.

Жалпы,  өткізілген семинарға қатысушылар, өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алып, құқықтың әртүрлі салаларындағы өз білімдерін тереңдетіп, сонымен қатар «AES ӨК ЖЭО» ЖШС жайлы тек заң саласындағы ақпарат алып қана қоймай, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметі жайлы экологиялық ақпарат қызықтыратындардың барлығы үшін ашық кәсіпорын екеніне көздері жетті.

Семинарға қатысушылардың барлығы семинарды ұйымдастырушыларға оны даярлап, өткізгені үшін алғыстарын айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміттерін білдірді!             

             Юлия  Гаврилова, ҚАЕУ «Құқық және халықаралық      қатынастар»

кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.           

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru