Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ПАТРИК МИТЧЕЛЛ: ЗЕРТТЕУ ӨМІР САЛТЫ РЕТІНДЕ

Қазақстан-Американдық еркін университеті бизнескафедрасының профессоры, компьютерлік технологиялар  докторы Патрик Митчелл27 сәуірде С.Аманжоловатындағы ШҚМУстуденттері мен педагогтары үшін семинар өткізді.

«Зерттеу өмір салты ретінде. Әр күнге дайындық». Осы тақырыптағы  семинарға  100-ге жуық адам қатысты:  студенттер, магистранттар мен ШҚМУ  математика, ақпараттану және компьютерлік технологиялар кафедрасының оқытушылары.

Профессор ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы мол жұмыс тәжірибесімен, өз өнертапқыштығы мысалдарымен бөлісті, сонымен бірге   өмір жолында кездескен қиындықтар, сәттіліктер және жеңілістері жайлы баяндады. Доктор Митчеллдің басты мақсаты студенттерді шабыттандырып және ынталандырып, оларға өмірде қашанда өнертапқыштыққа орын бар екендігін көрсету болды. Дүниені аз да болса жақсырақ, қарапайымдырақ ету әр адамның қолынан келетінін. Әр күрделі мәселеде міндетті түрде шешімі болатындығын.

 - Компьютерлік бағдарламалау қиын мәселелерді шешуді жақсы үйретеді. – деп атап көрсетті Патрик Митчелл. -  Қиын мәселені көрсең– шешімін табасың. Егер де сіздер қиын мәселелерді бағдарламалау арқылы шешуді үйренсеңіздер, онда өмірдегі кез келген қиындықтарды жеңе аласыздар.

Семинарға қатысушылар профессор Митчеллге қызғылықты да, құнды ақпараты үшін зор ризашылықтарын білдірді.Кездесу аяқталғанда қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru