Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДАҒЫ ҚАЕУ КҮНІ

24 сәуірде ҚАЕУ,оның колледжі  қызметкерлері мен оқытушыларының Бородулиха ауылында көшпелі семинары болып өтті. Іс-шараға Бородулиха ауданы мектептерінің мұғалімдері мен мектеп бітірушілері қатысты. Семинарда Бородулиха ауданы Әкімінің орынбасары Рыскүл Атаева  құттықтау сөз сөйледі.

Бағдарламаға әртүрлі бағыттар бойынша бірнеше секциялар кірді:

1. Түлектерге арналған секция:

– ҰБТ-ге даярлауда түлектерге психологиялық қолдау көрсету.

2. Математика мен физика мұғалімдерінің  секциясы:

–Шығарушы сыныптар оқушыларын ҰБТ-ге даярлаудың тиімді әдістері.

– Жалпы білім беретін мектептерде математика пәнін оқыту.

  1. 3. Мектеп директоры орынбасарларының секциясы:

–«Жалпы білім беретін мектептерінің сатылары арасындағы сабақтастықты ұйымдастыру технологиясы».      

–Дөңгелек үстел: «Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері»

–Шеберлік сабағын өткізу.

– Өңірде жүйелі кәсіптік бағдар жұмысын енгізу  механизмі.

  1. 4. Психологтар секциясы:

– Білім алушылар арасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу.

  1. 5.  Тарих мұғалімдерінің секциясы:

–Қазақстан тарихынан ҰБТ-ге даярлық жүйесі.

Жалпы алғанда, қызу пікір талас барысында өткен жұмысты жемісті деп есептеуге болады. Маңызды мәселелер көтеріліп, талқыланды. ҚАЕУ қызметкерлері оларды шешудің өз нұсқаларын ұсынды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru