Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АМЕРИКАҒА ЖАЗ АЙЛАРЫНА

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев осы жазды АҚШ- да өткізуді жоспарлап отырған университет студенттерінің тобымен кездесті. Шілде айында оларды жиырма күндік көшбасшылық академиясы күтіп тұр, ал кейбіреулері сонымен қатар АҚШ-ның танымал жетекші компанияларында бизнес-іс-тәжірибеден де өтпекші.

Бұлар болашақ менеджерлер, үш және одан да артық тілді меңгерген аудармашылар, ағылшын тілін жоғары деңгейде білетін ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар. Жалпы, барлық жылдар ішінде мұндай бағдарламаларға  340-тан астам адам қатысты. Әдетте, бұлар әртүрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары, қызықты жобалардың қатысушылары, сертификаттар мен мақтау қағаздарының иегерлері. Жаз уақытын АҚШ-да өткізуді жоспарлап отырғандар арасында  Ксения Вахненко да бар, ол мектепті «Алтын белгіге» бітірген және бүгінде ҚАЕУ-нің екінші курс студенті.

-Жалпы, - деп атап көрсетті ҚАЕУ Президенті Ережеп Мәмбетқазиев, - бұл біздің дарынды студенттеріміздің өз кәсібиліктерін арттырып және дүниеге деген көзғарастарын кеңейтуге жақсы мүмкіндік. Сендердің ата-аналарын педагогтар, дәрігерлер, мамандар  және өз балаларын шетелдерге жіберуге олардың көпшілігінің мүмкіндіктері жоқ … Менің тілегім: олардың ақ үміттерін ақтауға әрқашан да тырысатын болыңдар!

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru