Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ ЖОБАСЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

ҚАЕУ Президенті Ережеп Мәмбетқазиев инновациялар мен жаңа технологиялар жөніндегі Кеңестің отырысында біздің шаруашылық жүргізуші нысандарда ағын суларды қалай тиімді тазарту жөнінде баяндама жасады.

Осындай инновациялық шешімге, «Алтай» технопаркы ғимаратында  өткен отырыста төрағалық еткен облыс Әкімі Даниал Ахметов үлкен қызығушылық  білдірді. Ол кеңеске қатысушылардың назарын, міндеттерді шешуде  инновацияларды іс жүзінде қолданудың маңызына аударды.

- Жұмыс комиссиясына Ережеп Әлхайырұлының ұсыныстарымен танысуды және де он күн ішінде олар бойынша қорытынды беруді тапсырамын, - деп атап көрсетті тиісті қызметтерге, өңір басшысы.

Бұл бағыттағы зерттеулерді университет Ресей және Германиямен ынтымақтастықта 20 жылдан астам уақыт жүргізіп келеді. Технология Еуропаның көптеген елдерінде енгізілуде, соның ішінде Ресейде, Украинада, Белоруссияда.

Кезінде бұл технология «Өскемен Су арнасында»  қолданылды және ағынды суларды балдырлардан тиімді тазарту қамтамасыз етіліп, қаладағы жағымсыз атмосфералық иістер жоғалған болатын. Юбилей-Снегириха кенішінде шахта суларын қатты металлдар, оксидтер және басқа да  коллоидтік бөлшектерден тазарту жөніндегі зертханалық жұмыстар мен ғылыми зерттеулер жасалып, қатты қалдықтарды  геотубтарда жинап, сақтау жөніндегі ең оңтайлы  реагенттер мен геоматериалдар ұсынылды.

         Бүгінде ахуал басқаша және де кәсіпорындарда пайдалы  экологиялық технологиялар енгізудің орнына,  экологиялық айыппұлдар төлеуді қалайды. Мәселен, сол «Өскемен Су арнасы», тұрғындардың шағымдарын туғызып, қайтадан қаланың ауа бассейнін жағымсыз иістермен ластауда.

 - ҚАЕУ ғалымдары, - деп атап көрсетті Ережеп Мәмбетқазиев, -  бүгінде Шығыс Қазақстанның нақтылы кәсіпорындарында қолданыла алатын бірқатар заманауи, экономикалық жағынан тиімді технологияларды ұсынуға даяр.

Мәселен, энергетика, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі, ауыл шарушылығына судың қандай түрін (шахталық, ағын, ауыз суы, жаңбыр) тазартуда қатты және сұйық фазаларды бөлу технологиясы ұсынылады. Бұл технологияға ірі өнеркәсіп компаниялары: Қазмырыш, Қазақмыс, Ақжал, Зырян, Жезкент, Ертіс, Николаев кен –байыту комбинаттары ынталы бола алады.

Шахталық қалдық суларды тазарту мен тұндыру жөніндегі  инновациялық технологиялардың да тиімділігі одан кем емес. Осы технология қатты қалдықтарды металлургиялық өндірісте, тазарту орындарында, мал шаруашылығы фермаларында және т.б. шикізат ретінде жинау немесе одан әрі өңдеу үшін қолданыла алады.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru