Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АЛҒАН БІЛІМДІ ІСКЕ ҚОЛДАНУ

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев «Мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығын дамытудың педагогикалық технологиялары» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференция 15 мамырда Өскеменде, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында өтті.

Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, педагогтар мен әдіскерлер, «Өрлеу»  ПКҰО облыстық филиалдарының, әкімдіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер қатысты.

ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаеваның «Өрлеу» облыстық филиалы басып шығарған «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» атты кітабының тұсаукесері болы өтті.

Конференцияда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мәселелері талқыланды. Әлемнің дамыған елдерінің білім жүйесін жаңартуда бастысы болып дәл осы бағыт қарастырылады. Инновациялық алаңдарда  функционалдық сауаттылықты дамыту үлгілері көрсетілді.    Конференция аясында инновациялық тәжірибе алмасу, шеберлік сабақтары, пікірталастар, көрмелер болып өтті.

-Біз, жоғары оқу орындарының  ректорлары, қоғамымыз толығымен Ұстазға, оның кәсібилігіне тәуелдіміз. –Деп атап өтті Ережеп Мәмбетқазиев өз баяндамасында. – Шынайы өмір жағдайларында мектеп түлегі қаншалықты жемісті оқуға, жұмыс істеуге даяр екені мектеп педагогына байланысты.

Бүгінде заманауи мұғалімнің, оның әлеуметтік мәртебесінің қалыптасуы мәселесінде сындарлы жұмыс істеу қажет. Бұл мұғалімдік мамандықтарға шығармашыл әлеуметтік жауапкершілікті талапкерлерді іріктеу, студент-педагог үшін ерекше стипендия белгілеу арқылы қамтамасыз етіле алады. Оқу бағдарламаларын маңызды өмірлік міндеттерді шешуде алған білімді іс жүзінде қолдану басымдылығына бағдарлау керек. Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесінің, оның жалақысы мөлшерінің қол жеткізілген медагогикалық шеберлік деңгейіне сәйкестендірудің нақтылы мөлшерлерін жасау қажет. Мұғалім, қай саладағы мамандығына қарамай, мемлекеттік тілге кесірін тигізбей, бүкіл әлем үшін әмбебап болып саналатын ағылшын тілін еркін меңгеруі тиіс.

Бүгінде мектепте әрбір түлектің талабын алдын-ала анықтауға мүмкіндік беретін оқушылар арасында дер кезіндегі сапалы кәсіптік бағдар жұмысының маңызы ерекше болып отыр. Сонымен қатар, біртұтас тестілеу рәсімін жыл сайынғы оқу аяқталған соң қорытынды сертификат берумен өзгертуді қажет етеді. ҰБТ сәйкестендірілген бұл рәсім оқушының барлық жылдары алған білім деңгейінің әділетті жалпы көрінісін қамтамасыз етеді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru