Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ТІЛ- ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесе отырып «Тіл - тұнық ойдың кәусары» атты қалалық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың өткізілу мақсаты:

-    үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау;

-  тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиаданың міндеттері:

-     Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру.

-     Тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.

-      Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар берілді:

  1.   Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу.
  2.   Берілген тақырып бойынша эссе жазу.
  3.    Мәтінге ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтті:

         Бірінші кезең – қазақ тілін білу;

         Екінші кезең – ағылшын тілін білу;

         Үшінші кезең – орыс тілін білу.

Олимпиаданың қорытындысын шығару кезінде:

  1.  Тілдерді меңгеру деңгейі;
  2.   Жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс дыбысталуы;
  3.   Жауаптың орамдылығы мен сапасы;
  4.   Жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі;
  5.   Өзін-өзі ұстауы, берілген уақыттын дұрыс пайдалануы ескеріледі.

        

Олимпиада қорытындысы:

   

Бас жүлде

Шаталова Ксения Қайратқызы, ҚАЕУ колледжі

1-орын

Тамаязова Нургуль Кумаркановна, ҚАЕУ

2-орын

Бакаева Ботагоз Түсіпбекқызы, ҚАЕУ колледжі

3-орын

Албаева Ажар Архамова, ҚАЕУ

Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, марапаттау қағаздарымен марапатталды. Бас жүлдені ұтып алған Шаталова Ксения  облыстық олимпиадаға жолдама алды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru