Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қолдауға алғыс

Облыс Әкімі Даниал Ахметов ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиевке өткен сайлаудағы жасаған қолдауы үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатын табыстады. Президенттікке үміткерді қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың 15 мүшесін марапаттау рәсімі «Нұр Отан» партиясының облыстық ғимаратында 22 мамырда болды.

- Шығыс Қазақстанда сайлаушылардың 98,4 пайызы Елбасына өз дауыстарын берді. –деп атап көрсетті Даниал Ахметов. – Бұл Алматы облысы мен Астанадан кейінгі үздік көрсеткіштердің бірі, мұның өзі сіздер мен біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесі.

          Ережеп Мәмбетқазиев журналистермен болған сұхбатында былай деп атап өтті:

  - Өзінің   бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың  100 нақты қадамында Елбасы жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында оқытуды ағылшын тілінде жүргізуге кезең-кезеңмен өтудің маңыздылығын атап көрсетті.  Бұл оқу бітіретін кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен білім саласының экспорттық әлеуетін өсіру мақсатында жүргізіледі. Бұл жерде мына бір жәйтті атап өту аса маңызды: мұндай қадам біздің өңірде осыдан 20 жыл бұрын жасалған болатын, ол үдеріске Президенттің өзі ҚАЕУ-ді ашқанда және кейіннен оның тұңғыш түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табыстаған кезде бастама берді. Бүгінде университетіміздің түлектері өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін дәлелдеуде, өйткені олар халықаралық серіктестік тілін еркін меңгерген.

      Елбасының алғыс хаттарымен марапаттанғандардың арасында «Қазмырыш» ЖШС директоры Юрий Гусев, «ҮМЗ» АҚ  басқармасының төрағасы Юрий Шахворостов, облыстық ана мен бала Орталығының директоры Рая Рахимова және басқалары болды.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru