Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

МАМАН ЖӘНЕ НАРЫҚ

DSC 0412

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев EHELF-2015 жоғары мектеп көшбасшыларының IV Еуразиялық форумына қатысып, баяндама жасады. Форум 11-12 маусымда Астанада Назарбаев Университеті базасында өтті. Күн тәртібіне заманауи еңбек нарығында  XXI ғасыр түлегінің басты құзіреттері жайлы мәселе қойылды.

        - Бүгінде жаһандық қарсы тұру, жоғары оқу орындары қабырғасында мамандарды даярлаудың деңгейі мен жұмыс берушілердің үміттері арасындағы сәйкессіздік болып отыр, – деп форумға қатысушылардың назарын аударды, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.  – Және де бұл мәселе тек Қазақстанға тән емес. Мұны өткен жылғы жұмыс берушілерге қойылған сауалнама нәтижелері дәлелдейді, онда жоғары оқу орны қабырғасынан шығарылатын маманның біліктілік деңгейіне көңілдері толмайтыны білдірілген, сонымен қатар мұнда академиялық үлгерушілік маңызы, жоғары оқу орны беделі, түлектің үнемі білімін жаңартып отыруға ұмтылысы атап көрсетілген. 

ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев заманауи мамандарды даярлаудағы мәселелерді шешуге бірқатар маңызды ұсыныстар айтты, олар форумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бүгінде кадрларды даярлау еңбек нарығындағы сұранысты есепке алмай жүргізілуде, нәтижесінде түлектердің  25%- ға жуығы талап етілмей қалады. Мамандықтарды қайталауды болдырмайтын ірі инновациялық өңірлік мемлекеттік университеттер құру мәселесі өзекті болып қалуда. Жоғары білім конкурстық негізде ең жақсы даярланғандар үшін болуы керек, өйткені жаппай ақылы оқу, дипломы бар жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі. Шамадан тыс теориямен салыстырғанда тәжірибелік сабақтардың басымдығы және т.т.(баяндаманың толық мәтіні «Университет президенті» блогында).

- XXI ғасыр оның алдыңғы қатарлы технологияларымен,негізінен, ағылшын тілінің басым болуымен, көптілділіктің маңыздылығын арттырды. 20 жыл ішінде 4 мыңнан астам бәсекеге қабілетті шет тілдерді білетін мамандар даярланды. Министрліктің деректері бойынша, 2014 жылы ҚАЕУ елдің 130 жоғары оқу орындары арасында түлектерді жұмыспен қамту бойынша 4- орынды иеленді. Көптілділік тәжірибеміз бар біздер, өз базамызда министрдің, жетекші жоғары оқу орындары ректорларының, шетелдік серіктестердің қатысуымен “Дөңгелек үстел ” өткізуді ұсынамыз.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru