Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АКАДЕМИК ЕРЕЖЕП МӘМБЕТҚАЗИЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП

mambetkaziev

Ардақтау!

Енді Ресейдің Астрахань облысының  алыстағы  Володар ауданы, Калинино ауылында

академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы мектеп бар.

- Тұрғындардың, педагогтардың, ардагерлердің жиналысы  болып,  онда мектепке даңқты ауылдастарының есімін беру туралы шешім қабылданды, - деді бізбен телефонмен болған әңгімеде РФ  Астрахань облысы, Володар ауданы әкімшілігінің білім бөлімінің бастығы Светлана Латунова.

Аудан басшылығының Калинин жалпы орта білім беретін мектебіне осындай құрметті атақ беру туралы қаулысы жақында қабылданып, мектепке есімі берілген қайраткер бұл күндері көптеген құттықтаулар қабылдауда.

60-шы жылдардың түлегі Ережеп Мәмбетқазиев бүгінде елімізде және шетелдерде, ірі ғалым, қазақстандық білім мен ғылымның жетекшісі мен реформалаушысы, қоғам қайраткері... ретінде кеңінен танымал. Химия ғылымдарының  докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі,  тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Білім министрі, Жоғарғы Кеңестің 12-шақырылуының  депутаты,  30  жылдан астам өтілі бар ректор... Оның бастамасымен және басшылығымен Өскемен педагогикалық институты Егемен Қазақстанның алғашқы классикалық және республикадағы ҚазМУ мен ҚарМУ-нен кейін ашылаған  үшінші университетке айналды. Тұңғыш халықаралық серіктестік жоғары оқу орны - Қазақстан-Американдық  еркін университетінің негізін қалаушы Ережеп Мәмбетқазиев, оның Президенті қызметінде бүгінде шығармашылық белсенділікке толы. 

Ұжымы, әріптестері мен қызметтестері де Ережеп Әлхайырұлын, білім мен ғылымның дамуына қосқан көпжылдық үлесін ардақтауды айқын көрсететін оқиғамен қызу құттықтайды! 

ҚАЕУ ақпарат қызметі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru