Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-нің президенті Е. Мамбетқазиев бірінші курс студенттерімен дәстүрлі кездесуін өткізді

IMG 0214

Биыл Кенді Алтайдың ең беделді университеттерінің бірі қазақстан Американ ЕРкін унивреситеті осымен 21-і рет студенттерге есігін айқара ашуда. Білім алып, болашақта білікті маман боламын деп талпынған бірінші курс студенттерінің басын қосқан дәстүрлі жиында сөз алған университет президенті Ережеп Мәмбетқазиев жиналғандарға ақ жол тіледі.

Айта кеткен орынды аталмыш жоғарғы оқу орны заман талабына сай ашылған. 1994 жылы негізі қаланған оқу ордасы бүгінде өз жетістіктерімен мақтана аларлықтай. Бұл университет түлеп ұшқан жастар бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сұранысқа ие маман атануда. Басты ерекшілігі сол-мұнда білім алудың жолы ағылшын тілімен ұштасқан. Жиынға қатысқан халықаралық бағдарламалар бойынша университет қорының вице президенті Дэниал Бэлласт өз сөзінде көшбасшылық мәдениетіне үйрететін бірегей университет екендігіне тоқталды.

Дэниал Бэлласт, ҚАЕУ-нің халықаралық бағдарламалар бойынша қоры вице-президенті

-         Сіздердің шексіз жолдарыңыз болды. Біз бұл университетті өзіміз үшін ашқан жоқпыз. Сіздер білім алсын, талпынсын, шет елдерде де еңбек етуге мүмкіндік алсын деген мақсатты көздедік. Қаір осы көздегеніміздің орындалып жатқанына көзіміз жетті. Барлығыңызға сәттілік!

Бүгінде университет қабырғасында екі жарым мың студент білім нәрімен сусындауда. Заманауи жабдықталған бес оқу корпусы, спорт кешендері бар.Қазақстан Американ Еркін университетінің бірінші курс студенті атанған Темір Ерасыл қазақ әдебиеті мамандығын таңдаған. Ол сонау Алматыдан білім алу үшін Өскеменге келген. Өз мақсатын айқындаған жас студент жарқын болашағын осы университетте алатын білімімен байланыстырып отыр.

Темір Ерасыл, ҚАЕУ-нің 1-ші курс студенті

-         Мен осы университеттің студенті атанғаныма мақтанамын!Болашақта қоғамға өз пайдамды келтіретін маман атануды көздеп отырмын!

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru