Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ҚАЕУ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ!

Қыркүйектің алғашқы күні Қазақстан-Американдық еркінуниверситетінде дәстүрлі Білім күні атап өтілді.

Университет жанындағы алаңға бірінші курстықтар, барлық факультеттердің жоғарғы курс студенттері, колледж білім алушылары, оқытушылар мен қонақтар жиналды.

Салтанатты жиынды ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев ашты. Ол баршаларын жаңа оқу жылымен құттықтап, бірінші курстықтарға университет ұсынатын барлық бірегей мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін күнделікті ауыр еңбекке дайын болуларын тіледі.

- ҚАЕУ-де оқу оңай емес, бірақ қызғылықты. Міне сондықтан да біз өз оқу орнымызда шынымен дарынды балаларды, өңірдің қатардағы тұрғындарын күтеміз. Сендердің алдарында үш және одан да көп тілдерде еркін сөйлей алатын маман болу міндеті тұр.Бұл уақыт талабы.

Бірінші курстықтар атына игі тілектерін ҚАЕУ танымал түлегі  Айжан Құрманғалиева жолдады. Ол 2003 жылғы «Алтын белгі», «Бизнес» мамандығы бойынша IREX бағдарламасының АҚШ мемлекеттік департаменті гранты иегері, Назарбаев-Университетінің  шағын және орта бизнестің топ-менеджменті үшін оқыту бағдарламасының 2011 жылғы түлегі, ҚАЕУ президентінің кеңесшісі.

- ҚАЕУ – бұл, өмірде биік шыңдарға қол жеткізуге ұмтылатын әр адам үшін кең мүмкіншілік жолын ашатын жоғары оқу орны,– деп атап өтті Айжан Құрманғалиева. -  Сондықтан да мен сендерді батыл болуға шақырамын!

Дарынды студенттер Ксения Вахненко, Евгений Лютовский, Дәурен Зарлықанов өздерінің қызғылықты әсерлерімен бөлісті, олар өткен жазда АҚШ-да  бизнес-іс-тәжірибесінен және көшбасшылық бағдарламасы бойынша машықтанудан өткен болатын. Жалпы,  бұл осы жылы ҚАЕУ 15 дарынды  студенттерінен тұратын топ болды.

Бәрінен де өзінің шешендік дарынымен ерекше әсер еткен - ҚАЕУ колледжінің бірінші курс студенті Нұрсұлтан Тоғонбаев болды. Ол өзінің тек қазақ, орыс тілдерінде жарқын сөйлеу шеберлігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар баршаны Білім күнімен ағылшын, испан және қытай тілдерінде құттықтап, ду қол шапалақтау туғызды.

Мерекелік жиынға қатысушыларды колледж білім алушылары өз вокалдық композицияларымен қуантты. Соңында жаңа дәстүр бойынша университет мамандықтары жазылған ауа шарлары аспанға жіберілді.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru