Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК: ЗЕРТТЕУЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ

25-26 қыркүйекте  шетелдік серіктестердің қатысуымен халықаралық ғылыми конгресс болып өтті.

 

         - Қоғамның өзекті мәселелерін талқылау үшін қазақстандық әріптестерімен кездесуге мүмкіндік тапқан біздің шетелдік серіктестерімізге ерекше ризашылық сөздерімді арнаймын, - деп атап көрсетті ҚАЕУпрезиденті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев пленарлық сессияда. – Біз өз елінің тағдырына жауапты болуға даяр жаңа ғылыми қауымдастық қалыптастыруға міндеттіміз. ҚАЕУ негізгі басымдықтарының бірі  - жас көптілді ғалым-оқытушылар құрамы. Жастардың бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге даярлығы маған ұнайды. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын халықаралық серіктестік еркін университетін құрған кезде, мен міне дәл осындай ұрпақ жайлы армандадым.  

         Онтарио қаласынан (Канада) келген ҚАЕУ құрметті профессоры Роберт Л.Роубак өз баяндамасында әлемге жаһандану мен еркін сауданын ықпалының ерекшеліктерін сипаттады.  Және де іс-тәжірибелік білімнің артықшылықтарын атады. ҚАЕУ вице-президенті Дэниэл Бэлласт пен  ҚАЕУ студенті Е.Лютовскийдің осы тақырыпқа арналған баяндаулары конгресске қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

        Аға оқытушы А.Абдрахманова қазақстандық мемлекеттікті нығайтудағы бес институционалдық реформалардың мәнін сипаттады. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің жалпы мәселелерін ҚАЕУ халықаралық байланыстар мен бағдарламалар орталығының директоры Ю.Новицкаяның сөзінде баяндалды. Ғылыми-зерттеу бөлімі басшысының орынбасары  Т. Левинаның  славян тілдерінің қазіргі жайы туралы баяндамасы конгресске қатысушылардың  ынтасын тудырды.

      Конгресс жұмысы  секциялар бойынша жалғасты. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru