Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

izo014

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспарының 17-тармағына сәйкес «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» жобасының аясында  Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттермен кездесу, көрме өткізді. Мемлекетттік тілді насихаттау  мақсатында ұйымдастырылған шараға  Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Д.Көшім,  ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Р.Төлемісова,  ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы  Г.Тоқтасынова қатысып, мемлекеттік тілді дамыту, оның республикада тұратын барлық ұлт өкілдерін біріктіруші рөлін нығайту, орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, қазақ тілінің Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымақтастығының кепілі ретіндегі, қазақ тілінің қоғамдық көпшілік орындардағы, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері т.б. турасында  сөз қозғап, пікір алмасты. Кездесу ашық әңгіме түрінде өткізілді. Студенттер тарапынан нақтылы сұрақтар қойылып, кейбір мәселелер қызу талқыға түсті.    Шара соңынан қонақтар көрмеге қойылған мемлекеттік тілдегі  оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиеттер мен сөздіктерді университет кітапханасына сыйға тартты.

izo026

 

izo027

 

izo028

 

izo029

 

izo30

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru