Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ

Үкіметаралық қазақстандық-британдық «Ньютон-Әл-Фараби» бағдарламасы шеңберінде  24-26 қазанда ҚАЕУ базасында зерттеушілерге арналған Тренинг болып өтті. Қатысушылар үшін шеберлік сабағын тәжірибелі зерттеушілер Тара Митчелл мен Диляра Вудворд ұйымдастырды.

- «Университет-Қауымдастық» - міне осындай үлгі жоғары оқу орны стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, – деп атап көрсетті,  ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев. – Біздің базамызда кәсіби даму мен өзара іс-қимыл орталығының құрылуы, бірлескен ғылыми, білім беру және мәдени жобалардың жүзеге асуына тиімді түрде көмектесуі тиіс. Семинарға қатыс ШҚО ғалымдарына олардың кәсіби жағынан дамуы үшін пайдалы болатынына сенімдімін.

Семей, Өскемен және  Павлодардың  университеттері  мен зерттеу институттарының  14  өкілі үш күн бойы зерттеушілік шеберліктері деңгейін көтере алды, бұл мекеме жұмысының сапасын арттыратыны сөзсіз және де халықаралық зерттеу қауымдастығындағы рейтингісін көтереді.

 - «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы, бізге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін Ұлыбританияның  ғылыми-зерттеу және  инновациялық қызметіндегі тәжірибесін пайдалануға  мүмкіндік береді, – деп атап өтті, Қазақстандағы Британдық Кеңес директоры Джим Буттери. - Байқауда жеңіске жеткен университеттерді құттықтаймыз және орталықтар ғалымдардың біліктілігін арттыруға елеулі үлес қосып, Ұлыбритания мен  Қазақстанның ғылыми қауымдастықтары арасында тұрақты және жемісті қатынастар құратындығына үміттенеміз.

-Ауқымда халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу және стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша қазақстандық ғалымдардың күшін шетелдік ғылыми-зерттеу қауымдастығына кіріктіру мүмкіндігі, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының ең негізгі басымдықтарының бірі болып табылады,  - деп атап көрсетті, «Ғылым қоры» АҚ  президенті қызметін атқарушы Еркін Тазабекова. – Біз өз кезегінде, бүкіл республиканың  ғалымдары мен зерттеушілері «Ньютон –Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасына қатыса алуына, сөйтіп еліміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға өз үлестерін қосуына бар күшімізді жұмсаймыз.

Researcher Connect – бұл зерттеу қызметінің кез келген сатысындағы және кез келген академиялық саласында жұмыс жасайтын зерттеушілер үшін интерактивті үйрету курстарының топтамасы. Бұл курстар халықаралық мағыналы мәтінде коммуникациялық дағдыларды жақсарту арқылы кәсіби дамуға бағытталған.

 

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru