Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Дағдарыс жағдайындағы бизнес. Тиімділікті жоғалтпай қалай «сығымдалуға» болады

2015 жылдың 14 қазанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен «Бизнес» кафедрасы магистранттары  және шақырылған қонақтар үшін «Дағдарыс жағдайындағы бизнес. Тиімділікті жоғалтпай қалай «сығымдалуға» болады» атты HR-ШЕБЕРХАНАСЫ өткізілді.

Спикерлер:  Дмитрий Чуприна – ұйымдық даму жөніндегі сарапшы және Елена Машукова – HR-сарапшы, «Дмитрий Чуприна & Партнеры» компаниясының талдампазы.

Шеберхана Bliss Психологиялық орталығы қолдауымен өткізілді.

Дмитрий Чуприна мен Елена Машукова келесі мәселелерді қарастырды:

– үйлесімдік дегеніміз не;

– нәтиже;

– тиімділік;

– бизнесте үйлесімдікті  қалай табуға болады;

– сыртқы және ішкі кірігу;

– дағдарыс– бұл не;

– өмір кезеңдерін басқару;

– өзгеру векторын анықтау;

– жұмыс нәтижелері бойынша басқару;

– тәуекелдер қалыптамаларын құру;

– дамуды басқару.

Іс-шараның пішімі – жеткілікті мөлшерде қызықты және серпінді. Барлық  тыңдаушылар бизнес және HR-ге (бизнес иелері, HR, ОПҚ, магистранттар) әртүрлі қатысы бар топтарға бөлінді.

HR-шеберхана тиімділігі, әр топ ұсынған және қорғаған бизнестің стратегиялық міндеттері мен HR-стратегиясы арасындағы арақатынасқа әртүрлі факторлардың ықпалын көрсететін жобалар түрінде көрініс тапты.

HR-шеберхананың соңында әр қатысушыға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru