Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары аясында 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарына шолу

2015 жылдың 14 қазанында «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы, қаржы полициясының отставкадағы подполковнигі Нүрия Зайнутдинова ҚР ҚМ МКК экономикалық тергеу Қызметінің бастамасымен Қазақстан Республикасының 2015-2025жылдарға жемқорлыққа қарсы стратегиясы мәселелеріне арналған дәріс өткізді.

Жоғарыда аталған стратегия, Астанада 2014жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілген болатын.

Стратегияның мақсаты, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жемқорлықтың қандай да болмасын көрінісіне «нөлдік» ахуалын құру жолымен бүкіл қоғамды жұмылдыру және Қазақстанда жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Нүрия Мүкарамқызы өз баяндамасында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі Агенттігі Департаментінің жұмысына қатысты жан-жақты түсініктеме жасап, қатысушылардың назарын аталмыш Стратегияда анықталған жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мына басты бағыттарына аударды:     

1. мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

2. қоғамдық бақылау институтын енгізу;

3. мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

4. сот және құқық қорғау органдарындағы жемқорлықтың алдын алу;

5. жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

6.жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Бүгінде Стратегия мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын қамтиды, жемқорлыққа қарсы жан- жақты және жүйелі шаралардың кешенін жасап және жүзеге асыруды қарастырады, сөйтіп мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде  және де жеке меншік секторында жемқорлықты мейлінше төмендетуді қамтамасыз етуі, қазақстандық азаматтардың осы бір әлеуметтік кесірге төзбеушілік қатынасын қалыптастыруы тиіс. Сонымен бірге, Стратегияда айтылғандай, онда анықталған негіздік бағыттар біржолата берілген болып табылмайды. Олар жекелеген  іс-шаралардың орындалуына қарай және жемқорлықтың пайда болуы, оның себептері, жемқорлық әрекетінің уәждемелеріне терең талдау жасау, жемқорлықпен күрес саласындағы істер жайына салмақты, әрі әділ баға беру нәтижелерін есепке алып, түзетіліп отырылуы тиіс.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru