Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ салауатты өмір салтын қолдайды

21 қазанда ҚАЕУ-де бірегей  «ҚАЕУ салауатты өмір салтын қолдайды»  атты шара болып өтті. Аталмыш іс-шара аясында  жүрелеп отыру және кеудені жерден көтеру жаттығуларын жасау ұсынылды. Жаттығулар саны бестен басталып, одан әрі бір бірден арттырылып отырды. Қатысуға ниет білдіргендер көп болды. 31 бойжеткен жүрелеп отыру жаттығуларына қатысып, жалпы сомасында 558 рет осы жаттығуды жасады, ал кеудені жерден көтеру жаттығуына  32 жігіт қатысып, 590 рет кеудені жерден көтерді. Шараға тек университет студенттері ғана емес, баршаға жақсы үлгі көрсетіп, оқытушылар да қатысқанын атап өту керек. Іс-шара демеушісі «Левиталь» брендімен «Эмиль» компаниясы болды, қатысқаны үшін әрқайсысы йогурт пен апельсинді сый ретінде алды.

Жалпы, барлығы жақсы деңгейде және жағымды ахуалда өтті. Студенттер аздап спортпен шұғылданып, жайдары көңіл күймен қайтты. Осындай шаралар көбірек болғанын қалаймыз.

Спортпен шұғылдануды және салауатты өмір салтымен айналысуды ұмытпаңдар!

Мария Григорьева,

«Шетел тілі:

екі шетел тілі»,

3 курс

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru