Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Мүгедектердің қоғамдағы бірігуі», дөңгелек үстел

Соңғы уақытта Қазақстанда және жалпы бүкіл әлемде қоғамдағы мүгедектер тақырыбы өзекті болып отыр. 27 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Мүгедектердің қоғамдағы бірігуі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Оған «Үміт» Балалар үйі, МОСТ, АМиДО, Н.Ә Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі, «Y-Peer» секілді ұйымдар және де Өскемен қаласының жоғары және арнайы орта оқу орындары қатысты. Дөңгелек үстел өткізудің тақырыбының өзі, алдағы өтететін «Мүгедектердің қоғамдағы  бірігу фестивалі» іс-шарасына бағытталған, ол 28 қарашада өтеді.  Талқылауға ұсынылған негізгі мәселелер:

  1.      Өскеменнің әртүрлі ұйымдары мен мекемелеріндегі еріктілер жұмысының тәжірибесі;
  2.      Қаламыздағы мүгедектердің өзекті мәселелері;
  3.      Жалпы еріктілер қозғалысын құру болашағы.

Дөңгелек үстел мақсаты, Өскемен қаласындағы мүгедектердің және де өмірде мүгедектер сияқты мәселелерге тап болатын адамдардың мүдделерін қорғайтын еріктілер мен қоғамдық ұйымдар жұмысы тәжірибесімен алмасу; жұртшылықтың назарын осы мәселеге аудару, жастар еріктілік қозғалысын кеңейту және еріктілер қауымдастығының қатарын толықтыру болып табылады. Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі еріктілер қозғалысының жетекшісі Ольга Протопопова, ҚАЕУ-не Өскемен қаласында еріктілер қозғалысын ұйымдастырудағы бастамасы үшін зор алғысын білдірді.

Малика Қасымова,

«Бастауыш оқыту

педагогикасы мен әдістемесі»,

4 курс

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru