Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҰЛЫ АБАЙДЫ ЕСКЕ АЛУ

АбайҚұнанбаевтың 170 жылдығына арналған өңірлік семинар      6 қарашада   ҚАЕУ-де болып өтті.  Мәжіліс залында мектеп оқушылары, педагогтар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, қала мен облыс басшылары жиналды.

 –Біздің университетіміз өз тарихының жаңа бетін ашып отыр: алғаш рет оның қабырғасында “Абай оқулары”өткізіліп жатыр. – деп атап көрсетті құттықтау сөзінде ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев. - Қазақстан-Американдық еркін университеті, халықаралық серіктестік жоғары оқу орны ретінде, ұлы ойшылдың шығармашылығының нағыз құндылықтары жайлы әлемге тағы да жеткізуде оның мұрасына құнттап қарайтынының өзіндік белгісі бар.

Қатысушылар алдында облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк құттықтау сөз сөйледі. «Менің қалам» қоғамдық қорының атқарушы директоры Геннадий Пуссептің,  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ  профессоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы  Айжан Қартаеваның  сөйлеген сөздері үлкен қызығушылық тудырды. Семинарға тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарманың жетекшісі Айдын Шаймарданов, облыстық достық Үйінің директоры Эльдар Төлеубеков қатысты.

Семинар аясында шеберлік сабақтары мен секциялық отырыстар болып өтті. «Абай шығармаларын мектепте оқытудың инновациялық әдістері» - қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санаттағы мұғалімі Меруерт Мұқашеваның шеберлік сабағының тақырыбы осындай болды. Филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, Люция Абдуллина «XXI ғасырдың мәдениетаралық кеңістігіндегі Абайдың мұрасы» атты тақырыпқа баяндама жасады.

Өңірлік семинардың жабылу рәсімінде мәнерлеп оқушылар байқауының қорытындылары шығарылып, мадақтамалар тапсырылды.  Абай шығармаларын  ағылшын тілінде орындауда:

Бірінші орын - Лейла Пшенчинова (Өскемен қаласының техникалық-экономикалық колледжі);

         Екінші орын –Қорлан Егізбаева (Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясы);

Үшінші орын  – Ботагөз Бақаева(ҚАЕУ колледжі) және Аружан Әубәкірова (Күршім ауылының №3 гимназиясы).

 Қазақ  тілінде мәнерлеп оқушылар тобында:  

Бірінші орын  - Еркежан Әуесбекова (Оралхан Бөкей  атындағы  № 44 мектеп- лицейі);

Екінші орын - Шыңғысхан Құралов (Күршім ауылының №3 гимназиясы) және Жалын Жайнар ( Глубокое ауданы Кішіуба орта мектебі);

Үшінші орын  - Қалида Дүйсенхан (Күршім ауылының №3 гимназиясы) және Жансая Қыдырмолда (ҚАЕУ).

 Абайды  орыс тілінде мәнерлеп оқушылар тобында:

Бірінші орын -Анастасия Грохотова (Предгорное №1 орта мектебі);

Екінші орын -Рақым Шахзадаев (Оралхан Бөкей  атындағы  № 44 мектеп- лицейі);

Үшінші орын - Юлия Кузнецова (Ұлан ауданының Гагарин орта мектебі)  және Дмитрий Ермаков (Белоусовка №1 орта мектебі).

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru