Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ЕРЕЖЕП МӘМБЕТҚАЗИЕВ – АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ

Шешім АтМГИ ғылыми кеңесінде қыркүйектің ортасында қабылданған болатын. Ережеп Мәмбетқазиевтің жақында институтта болған күндері диплом салтанатты  түрде табыс етілді. 

 Аэропортта ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиевті және ҚСТА ректоры Қайрат Зәкірьяновты институт ректоры Әли Әбішев қарсы алды.

Қонақтар спорт кешенінде болып, дөңгелек үстел жұмысына қатысты, онда студенттік жастар спорты мәселелері талқыланды. Өз кіріспе сөзінде институт ректоры э.ғ.д., профессор Әли Әбішев қонақтарды ұжыммен таныстырып, Ережеп Мәмбетқазиевтің тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш білім министрі ретінде отандық білім мен ғылымды реформалаудағы инновациялық сіңірген еңбегін атап көрсетті. Сонымен қатар Әли Әбішев бүгінде АтМГИ жүзеге асып жатқан бағдарламалар жайлы  айтып берді.

Ережеп Әлхайырұлы институт басшылығына құшақ жайып қарсы алғандары үшін алғысын білдіріп, мұнайлы өңір ЖОО-ның алдына қойған міндеттері, бүкіл Қазақстанның стратегиялық дамуы үшін маңызы бар екенін атап өтті.

Бұдан соң АтМГИ ректоры Әли Әбішев қонақтарға құрметті профессор дипломдарын тапсырып, оларды ұжым атынан құттықтады. Ережеп Әлхайырұлы «Химиялық сараптама және материалдар технологиясы» кафедрасының, ал Қайрат Қайроллаұлы  «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының Құрметті профессорлары атанды.  

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru