Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ENACTUS

2015 жылдың 11-12 қарашасында Алматы қаласында Республикалық жастар бизнес-бастамалар форумы және  «Enactus 2016» маусымының ашылуы болды. Қазақстан-Американдық еркін университетінен  «Бизнес» кафедрасы  оқытушысы Евгений Загайнов бастаған 10 дарынды студент қатысты.

 Форумның екі күнінде ҚАЕУ командасы «Корпоративтік  коммуникациялар», «Қаржыландырудың балама құралдары», «Бизнес – теориядан тәжірибеге», т.б. тақырыптарға  он  шеберлік сабақтарына, сонымен қатар әртүрлі семинарлар, бизнес-ойындар және Қазақстан Республикасының жетекші бизнесмендерімен  сұхбаттасу алаңдарына қатысты. Форум аясында жастар арасында кәсіпкерліктің өзекті тақырыптарына пікірталастар және «PechaKucha» форматында жастар.  бизнес-жобаларында тұсаукесер болды. Кездесу, аталымдар бойынша "Жылдың үздік жас кәсіпкері" республикалық байқауының жеңімпаздарына, құрмет көрсету рәсімімен аяқталды.

«Іс жүзінде, бұл ерекше қанықтырған, жарқын, әрі ақпаратты мол сапар болды, мұнда біз көптеген жаңа нәрселерді білдік, бүкіл республикадан келген басқа командалармен таныстық және де өмірімізді жарқын сәттерге бөледік! Командамыз басқа университеттер командалары арасында өздерін ерекше шығармашылықпен көрсетеміз деп шешкен болатын және де оны  "өте жақсыға" жасады. Бұл баршалары үшін айтып жеткізе алмайтын тәжірибе» - деп өз ойымен бөлісті, ҚАЕУ командасының капитаны Светлана Рогиня.

 13-14 қарашада біздің ЖОО командасы «Enaktus (Sife) – Казахстан» қоры Президенті  Ержанова Альбина Мейірбекқызы және  Enactus World Wide  Басқарушы  директоры Маджидов Юсуфом Фатуллаұлымен ресми емес жағдайда кездесуге шақырылды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru