Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ мен ОӨК ынтымақтастығы

26 -30 қараша аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің Оқу-өндірістік комбинатында Қазақстан-Американдық еркін университеті оқытушылары мен студенттері кәсіптік бағдар жұмысын жүргізді.

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары мектеп бітірушілері үшін заң тақырыпнамасына қызықты байқаулар ұсынды. Оған оқушылар белсенді түрде қатысты. Үздік қатысушыларға жүлделер тапсырылды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы  Конституциясында бекітілген адам құқықтары жайлы фильмдер көрсетілді. Мектеп бітірушілеріне өздігімен тергеу амалдарын - дактилоскопиялау (саусақтардың таңбасын алу) жасау мүмкіндігі берілді. Мектеп оқушылары өткізілген іс-шараларға разы болып, соңында ҚАЕУ жайлы өздерін қызықтырған сауалдар қойды. 

Хайруллина Л., 4 курс,

                                                                                                  «Заңтану» мамандығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru