Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ дарындары – 2015

IMG 001

27 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде  жыл сайынғы «ҚАЕУ дарындары– 2015» байқауы болып өтті. Студенттер кезекті рет өз жасампаздықтарын көрсетіп, дарындарын өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да дәлелдеді. Барлық курстардың студенттері құрметті қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдыруға, тіпті кей жерде мұқалтуға да   қорықпады.

Байқауға барлығы төрт аталым ұсынылды: «Вокалдық орындау», «Би», «Жасампаздық (Креатив)»  және «Көрермендер ұнатымы жүлдесі». Бұл кеште байқауға қатысушылардың ешкімі көрермендердің назарынан тыс қалмады, олар сахнаға шыққан әр байқауға қатысушыны ду қол шапалақтаумен қолпаштап отырды.

Осы бір қиын сайыста жеңіске жеткендер:

«Вокалдық орындау» аталымы - Жақсылық Азамат («Шетел тілі: екі шетел тілі», 2 курс);

«Би» аталымы - «Theyoung» би ұжымы, жетекшісі – Исебаев Мерхат («Ақпараттық жүйелер», 4 курс);

«Жасампаздық (Креатив)» аталымы – Мырзабаев Ерасыл («Қаржы», 1 курс);

«Көрермендер ұнатымы жүлдесі» аталымы – Крюкова Ангелина («Шетел тілі: екі шетел тілі», 1 курс).

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru