Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дегі көрнекі сот

Қазақстан Республикасында діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, «ШҚО дін проблемаларын зерттеу Орталығы» ҚММ 25  желтоқсанда ҚАЕУ қабырғасында дін саласында әкімшілік-қылмыстық тәртіп бұзушылықтың көрнекі сот байқауын өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты - дін, діни экстремизм және терроризм саласындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу болды.

Байқауға 3 команда қатысты: Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 4- курс студенттері (ШҚМУ), Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) 2-3 курс студенттері, сонымен бірге Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ) колледжінің 2- курс студенттері.

Қазылар алқасы ретінде қатысқандар: «ШҚО дін проблемаларын зерттеу Орталығы» директоры,  ШҚМУ мен ҚАЕУ оқытушылары, сонымен бірге облыстық прокуратура қызметкерлері, олар көрнекі сотта сөйлеген жастардың жіберген қателіктеріне сараптық баға берді.

Байқау қорытындылары бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:

1 орын- ҚАЕУ командасы;

2 орын – ШҚМУ командасы;

3 орын - ҚАЕУ колледжі командасы.

Байқауға қатысушылар мына секілді аталымдар бойынша марапатталды: «Үздік судья», «Үздік мемлекеттік айыптаушы», «Үздік адвокат», «Соттың үздік хатшысы».

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru