Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Профессор Г. Супердің (АҚШ) «Балаларды мектепте оқыту: ақпаратты қабылдау ерекшеліктері» шеберлік сабағы

28-29 қаңтарда  Қазақстан-Американдық еркін  университетінде,  мансап пен тұлға  даму Орталығы базасында американдық профессор Гарри Супердің мектеп алды және бастауыш мектеп педагогтарына бағдарланған «Балаларды мектепте оқыту: ақпаратты қабылдау ерекшеліктері» атты шеберлік сабағы болып өтті.

 Жиналғандар алдында ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтау сөз сөйлеп, университет жетістіктерімен, жеке тәжірибесімен бөлісіп, барлық мұғалімдерге олардың еңбегі мен қазіргі мектеп оқушыларына білім берудегі қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Шеберлік сабағы ағылшын тілінде, орыс тіліне ілеспе аударымда өткізілді, оның барысында Г. Супер қатысушылармен оқушыларды оқыту стилімен бөлісті: «Оқытушы ретінде біз, оқушылардың табысқа жетуіне, оқудағы өз стилін жүзеге асыруға мүмкіндік алатын оқу жағдайларын жасай аламыз. Біз олардың күш - жігерін қолдап, қызығушылықтарын тудыру арқылы табысқа жетулеріне мүмкіншіліктерін арттыра аламыз».

Шеберлік сабағының соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru