Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Президентінің шетелдік студенттермен кездесуі

IMG 001

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев Вашингтон штаты, Сиэтл қаласы, Нортвест Университетінің медбикелік ісі факультетінің американдық студенттерімен кездесті. Топ осымен 3-апта бойы Өскеменде медициналық іс- тәжірибеден өтуде.

Кездесуде іс-тәжірибенің алдын ала нәтижелері талқыланды. Студенттер алған өз әсерлерімен және тағылымдама бағдарламасын  жақсарту жөніндегі тілектерімен бөлісті. Топ жетекшісі  Данэтт Эшли Вер Ворт,  олардың жеке аудармашылары  болған ҚАЕУ студенттерінің ағылшын тілін өте жақсы білетіндіктерін атап өтті.

Іс-тәжірибеге қатысушылардың барлығы ҚАЕУ әкімшілігіне, халықаралық бөліміне, аудармашы-студенттерге және жеке ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі  Е. Мәмбетқазиевке жылы шыраймен қабылдаулары, ұйымдастырудың жоғары деңгейі және кәсібиліктері үшін зор алғыстарын білдірді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru