Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Оқытушылар арасындағы волейболдан ҚАЕУ Президентінің Кубогы

 Қазақстан-Американдық еркін университетінің  спорт залында  «Педагогик а және  психология» кафедрасының ғылым мен шығармашылық Апталығы аясында оқытушылар арасында волейболдан «ҚАЕУ Президенті Кубогы» үшін жыл сайынғы турнир өткізілді.

Жарысқа дәстүрлі түрде «Педагогика және психология», «Бизнес» және «Шетел тілдері» кафедраларының оқытушылары қатысты. Бұл жолы турнир тек қызғылықты, әрі көріністі ойындармен ғана емес, сонымен қатар кафедралар оқытушылары әр командаларға жеребе бойынша бөлінгендігімен есте қалды.  Бұған қоса, әрбір команда құрамына кәсіпқой волейбол командаларында ойнайтын 2 студент қыз және бір ер ойыншы енгізілді, мұның өзі ойындарды ерекше түрлендірді.

Жарыс нәтижелері бойынша 3 орынды мына құрамдағы команда иеленді: Дидар Мұратұлы, Светлана Колюжная, Диана Бортникова, Елизавета Мейстер, Динара Мамырбекова, Назерке Жайлаубек.

Мына құрамдағы  команда 2 орын алды: Күлихан Орман, Елена Шихотова, Азамат Бердібеков, Лейла Ежікенова, Кристина Магурьян.

ҚАЕУ Президенті Кубогын мына құрамдағы команда иеленді: Инна Самойлова-Цыплакова, Руслан Четтыкбаев, Айнұр Шорғанова, Балғын Бақытбекқызы, Алина Шарафутдинова, Айым ЫбыраеваЖарыстың.

Жарыстың үздік ойыншысы және Нариманян кубогының иегері болып «Бизнес»  кафедрасының оқытушысы Дидар Мұратұлы атанды.

Осы жарысты даярлап, өткізген «Дене шынықтыру және спорт» бағытының жетекшісі Цыплаков Виктор екенін айта кету керек.


Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru