Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Экономикадан Олимпиада

23 ақпанда ҚАЕУ-де «Бизнес» кафедрасы ұйымдастырған 9-11сынып оқушылары үшін экономикадан дәстүрге айналған Өңірлік олимпиада өткізілді.

ҚАЕУ оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президенті, экономика ғылымдарының кандидаты, «Бизнес» кафедрасының профессоры Галина Конопьянова  жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі. 

Олимпиада  екі бөлімде өткізілді: күндізгі және сырттай. Олимпиаданың жұмыс тілдері –қазақ және орыс тілдері.

 Олимпиадаға мына командалар қатысты:

  1.                 № 2 мектеп-гимназиясының;
  2.                 № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының;
  3.                 Дарынды балаларға арналған № 34 арнайы мектеп-лицейінің;
  4.                 Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназиясының;
  5.                 № 45 бейінді орта мектебінің.

Олардың барлығы алдын –ала сынақтан–команданың бейне таныстырылымының сырттай бірінші бөлімінен ойдағыдай өтті.

Олимпиаданың екінші бөлімі (күндізгі) бірнеше кезеңнен тұрды: «Ертегіде қонақта» атты байқауда экономикалық есепті шешу, экономикадан тестілеу, әр деңгейдегі күрделілігі бар тапсырмалары бар «Өз ойыны» атты жедел байқау және үй тапсырмасы– музыкалық байқау.

Сынаққа әділ қазылар төрелік етті, оның құрамына кіргендер: Илона Бордияну – PhD докторы, доцент, «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі, Фатима Искендерова–PhD докторы, доцент, ШҚО кәсіпорындарына HR менеджмент саласындағы сарапшы, Азамат Бердібеков –математика магистры, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, Дәулет Еңсебаев–«EndoraExpertPluss» ЖШС директоры, Асхат Серікпаев–көлікте тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі  Защита бөлімшелік басқармасының басшысы.

Олимпиада серіктестері болғандар: көлікте тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі  Защита бөлімшелік басқармасы;  «Өскемен өнеркәсіптік арматура заводы»АҚ; Алма ТВ сандық телехабар операторы; «Банк ЦентрКредит» АҚ; « «Қазақмыс Сақтандыру» сақтандыру компаниясы АҚ; ««GlobalinkLogisticsGroup» көлік-экспедиторлық компаниясы ЖШС; «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ; «NOMADInsurance» сақтандыру компаниясы» АҚ  және «Tupperware» компаниясының Өскемен қаласындағы  өкілдігі–эксклюзивті премиум-сыныпты жоғары сапалы ыдыстың американдық өндірушісі .

 Екі кезең нәтижелері бойынша қазылар алқасы үздік командаларды анықтады. Олар дипломдар мен ҚАЕУ –де оқуға жеңілдік беретін сертификаттар алды.

Олимпиада қорытындылары бойынша бірінші орынды № 2 мектеп-гимназиясы иеленді (оқуға15% жеңілдік);

екінші орын– дарынды балаларға арналған № 34 арнайы мектеп-лицейі (оқуға 10% жеңілдік);

үшінші орын – Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназиясы(оқуға5% жеңілдік).

Аталымдардағы үздіктер:

 «Команданың үздік бейне таныстырылымы» аталымында–№ 2 мектеп-гимназиясының командасы;

 «Экономикадан тестілеудің үздік нәтижелері» аталымында–Дүсіпова Дина, № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясы;

 «Экономикалық есепті үздік шешу» аталымында – Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназиясы;

 «Үздік музыкалық нөмір»– дарынды балаларға арналған № 34 арнайы мектеп-лицейі.

Қатысушы командалардың директорлары мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар және де олимпиада серіктестері жариялаған сыйлықтар тапсырылды.  

Қатысушылар нәтижелерге разы болды. Олар экономика саласындағы өз білімдері мен шеберліктерін танытып, баға жетпес тәжірибе жинады. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru